• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Жасампаздық жылнамасы

221 рет
көрсетілді

2005 * 1 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын жаңажылдық құттықтауы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Құттықтауда: «Өткен жылға өкпеміз жоқ. Өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстан жүрісінен жаңылмай, аршындап алға басты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болды. Халықтың әл-ауқаты өсіп, мемлекетіміздің абыройы асқақтады», – деп жазылды. * 12 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаев Алматыда Қазақ­стан­ға екі күндік жұмыс сапарымен келген Ресей Президенті В.Путинмен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестіктің бірқатар мәселелері бойынша келіссөз жүргізді. * 17-18 қаңтар күндері Президент Н.Ә.Назарбаевтың Ресейге ресми сапары болып өтті. Сапар аясында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Соның нәтижесінде Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа, «ҚазСАТ» қазақстандық байланыс және тарату жер серігін жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге, екіжақты әскери ынтымақтастық барысында пайдаланылатын интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мен құқықтарын қорғау туралы шартқа қол қойылды. * 27 қаңтарда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Антитер­рористік комитетінің 4-ші арнайы отырысы өтті. Осынау алқалы жиынға 50-ге жуық халықаралық, өңірлік және субөңірлік ұйым­ның және 50-ден астам мемлекеттің өкілдері қатысты. Жиын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзімен ашылды. * 31 қаңтарда Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесі болып өтті. * 4 ақпанда Премьер-Министр Д.Ахметов Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрі В.Христенконы қабылдады. Кездесуде мұнай-газ кен орындарын игеру және оған әзірлік, сондай-ақ, электр энергетикасы саласына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. * 24 ақпанда Президент Н.Ә.Назарбаев Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуанды қабыл­дады. * 25 ақпанда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Кездесудің қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге, ШЫҰ хатшылығы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, ШЫҰ хатшылығы мен ТМД атқару комитеті арасындағы меморандумға қол қойылды. * 30 наурыз – 1 сәу­ір күндері Гру­зия­ Президенті М.Са­акашвили­дің Қа­зақ­­­станға мем­­ле­кет­тік сапары болып өтті. ­Қо­нақ­ты Қазақ­­- стан Президенті Н.Ә.Назарбаев қа­бы­л­­дады. Кездесу нә­ти­­жесінде Қазақ­стан мен Грузияның ынты­мақ­тастығын әрі қарай дамытуды көздейтін төрт маңызды құжатқа қол қойылды. * 14 сәуірде Ел­ба­сы «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. * 21 сәуірде Алматыда төртінші Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады. Дүние жүзінің 40-тан астам елінен 400-ге жуық делегат келген басқосуға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Елбасы өз сөзінде Орталық Азияда теңдесі жоқ мәдениет пен өркениет құрған бабаларымыздың 1000 жылдық руханиятын әлемнің әр түкпірінен жиналған баспасөз жампоздарына тағы бір қырынан танытып өтті. * 22 сәуірде Алматыға Қырғызстан Президенті мен Премьер-министрінің міндеттерін атқарушы Құрманбек Бакиев жұмыс сапарымен келді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. * 23 сәуір. Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев қатысты. * 8-9 мамыр күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласында болып, Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысты. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 11 мамыр күнгі нөмірінде «Адамзат тарихындағы бетбұрысты оқиға» тақырыбымен мақала жарияланды. * 17 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Ресей Федерациясының Челябі облысында болды. Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесіп, шекаралас аймақтардың түрлі саладағы ынтымақтастығын дамыту жайында әңгімелесті. Қазақстан Президенті кездесуде екі ел аймақтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығына жоғары баға берді. * 18-19 мамыр күндері Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары болды. Мемлекеттер басшылары кездесуде ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және БЭК шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Содан кейін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Бұдан бөлек, президенттер Астанадағы Беларусь Республикасы елшілігінің ресми ашылу салтанатына қатысты. * 24 мамырда Президент Н.Ә.Назарбаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Грузия мемлекеттері президенттерінің қатысуымен Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбырының әзербайжандық учаскесі салтанатты жағдайда ашылды. Сондай-ақ, сапар шеңберінде бірқатар құжаттарға, соның ішінде Стратегиялық серіктестік және одақтас қатынастар туралы келісімге қол қойылды. * 26 мамырда Қазақстанға ресми сапармен Түркия Премьер-министрі Режеп Тайип Ердоған келді. Ертеңіне оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы бұрыннан қалыптасқан экономикалық байланыс­тарды одан әрі дамыту мәселелері сөз болды. * 30 мамырда Қазақстанға ресми сапармен Украина Президенті Виктор Ющенко келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина басшысы Виктор Ющенко шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде үкіметаралық комиссияның екшеуінен өткен, екі елдің ынтымақтастығын дамытуды көздейтін 4 құжатқа қол қойылды.