• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2011

Экология мен экономика – егіз ұғымдар

389 рет
көрсетілді

Президенттікке кандидат Мэлс Елеусізов алматылықтармен кездесті Президенттіктен үміткер М.­Х.Елеу­сізов Алматы қаласындағы Пушкин атындағы №4 гимназияда оқыған. Жа­қында ол өзі балалықтың қызықты дәу­рені өткен білім ордасында алматы­лықтармен кездесу өткізді. Мэлс Хамзаұлы патриоттық тәрбиенің іргетасы мектеп қабырғасында жүргенде қалануы тиіс деп есептейді. Дәл осы кезде оқушының өмірге көзқарасы, мінезі, басқа да бүкіл қасиет-қалыбы қалыптаса­ды. Сондықтан ол өзінің сайлауалды тұ­ғыр­намасында білім беру саласына ай­тар­лықтай көңіл бөліп отыр. Президенттіктен үміткер орта білім алу тегін күйінде қалуы тиіс, ал жоғары білім ішінара ақы­лы болғаны жөн деп санайды. Бірақ, дейді ол, бюджеттік білім беру бағдарламасы айтарлықтай көлемде сақталуы қажет. – Мен батыстық білім беру моделін түпкілікті көшіріп алу перспективасына сенбеймін, – деді «Табиғат» экология­лық одағының төрағасы. –  Қазіргі қол­да­ныс­тағы білім беру үлгісінде жақсы тұс­тар да аз емес. Ал аталған саладағы сапа­ны жақсарту үшін осы жауапты қызметте жүргендердің еңбекақысын біршама көтеру керек. Бастауыш мектеп мұғалім­де­рінен бастап, жоғары оқу орындары­ның оқытушыларына дейін. Барлығының да сапалы білімнен бас­талатыны күмәнсіз, деп сабақтады сөзін М.Елеусізов. Мұны шикізат ресурстары жоқ, есесіне жоғары технологиялар енгізілген мемлекеттер дәлелдеп беріп отыр. Оның айтуынша, соңғы жылдары әлеуеті жоғалған ғылыми мектептерді қалпына келтіріп, ғылыми кадрлардың сабақтас­ты­ғын қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін басым бағыттағы ғылымдарды бюджеттік қаржыландыруды ұлғайтып, ғылымды дамыту үшін, оның ішінде техникалық ғылыми мекемелерді жарақтандыруды жақсарту керек. Сонымен қатар, президенттіктен үміткер елімізге шын мәнінде жұмыс істейтін технопарктерді көбейтіп, академиялық қалашықтар құру уақыт талабы болып табылатынына сенімді. Кандидат білім саласы қызметкерлері­нің дайындық деңгейі сапасын және қай­та даярлау үдерістерін жоғарылату қажет деп есептейді. Себебі, педагог қазіргі заманғы әдістемелерді толық меңгерген болуы тиіс. Оның пікірінше, жоғары оқу орындарында ауылдағы және кенттегі мектептер үшін мұғалімдер дайындауға ерекше назар аударатын уақыт жетті. Сондай-ақ, білім беруді ұйымдастырудың материалдық-техникалық, ақпараттық және заңнамалық бағыттарын жақсарту кешеуілдетуді қаламайды. Осылай дей тұрғанмен, М.Елеусізов­тің негізгі мақсаты қарапайым адамның таза қоршаған ортада өмір сүруін қамта­масыз етуге күш-жігер жұмсау болып табылады. Оны, сонымен қатар, табиғи ресурстарды «жеп жатқанымыз» қинай­ды. Сондықтан, дейді ол, бұл үдерісті мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек. Ол үшін аталған салаға байланысты кешенді шаралар пакеті қажет. М.Елеусізов­тің пікірінше, жұртшы­лық сана­сын­да және заңнамалық дең­гей­де эколо­гиялық проблемаларға, сонымен қатар, қор­шаған ортаға шешімді түрде әрі қағи­дат­тық тұрғыдан жанашырлық көз­қарас­ты ояту – бірінші кезектегі міндет. Та­биғат-анаға тек тұтыну тұрғысынан қарау экологиялық зардаптарға алып келіп қана қоймай, бүкіл қоғам денсаулы­ғына кері әсерін тигізетін зардаптарға соқтыратыны талассыз. Осы себепті аза­маттардың,  үкі­меттік емес ұйымдардың атал­ған көзқа­расқа қарсы белсенді іс-қимылы керек. Мэлс Хамзаұлы осылай дей келіп, қайтадан балалық шаққа оралды. Ол эко­ло­гиялық ойлау бала кезде қалыптасады деп есептейді. Өзі болса табиғатқа жана­шырлықпен қарауды атасынан үйреніпті. Атасы ағаш отырғызып, кейінгі кездері жо­ғалып бара жатқан қазақтың мақта­ныш­тарының бірі – тазы иттерін өсіру­мен айналысқан. Бойына жастайынан да­ры­ған осы қасиетті Мэлс Хамзаұлы күні бүгінге дейін жалықпай, талмай жал­ғас­ты­рып келеді. Яғни, ағаш отырғызудан, ит­тердің жақсы тұқымын қалып­тас­тыру­дан шаршаған емес, керісінше, тек рухани қанағат сезімін алады. Кездесу кезінде президенттіктен үміт­кер жиналған педагогтар сұрақтарына да толыққанды жауап беруге ұмтылды. Мұ­ға­лімдердің экономикаға қатысты сұрақ­тарына байланысты жауабында ол атал­ған саланың әлеуметтік бағыттылығы мін­детті түрде көрініс беру керектігін атап көрсетті. Аса байлар мен ең кедейлер арасындағы өлшем еңсеріле алады. Ол үшін саяси элитаның санасында түбір­лі өзгеріс жүруі тиіс, деді ол. Сонымен бірге, шетелдік өндіруші компаниялармен келісім-шарттар жасасқан кезде, олардың барынша мөлдірлігі қамтамасыз етілуі тиіс. Осы арада тағы бір маңызды мәселе – шетелдік өндірушілер қоршаған орта­ның ласталмауына барынша мүдделі болуы керек. Ол үшін қоршаған ортаға зиян келген жағдайда айыппұл көлемін оған жол берген компаниялардың қалта­сы­на айтарлық­тай салмақ түсетіндей етіп, көтеру қажет. Сонда өнім өндіруді дамыту экологиялық жағынан қауіпсіз бола түседі. Президенттіктен үміткердің тұрғын­дармен кездесуі жалғасуда. Оның сөзіне қарағанда, өзі үшін сайлауда жеңіске жету соншалықты маңызды емес. Есесіне сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ар­қы­лы экологиялық проблемаларды, қоға­мы­мыздағы басқа да көкейкесті мәсе­лелер­ді талқылауға зор мүмкіндік бар. Осы арқылы сайлаушылар санасында, әсіресе, жастардың бойында Табиғат-анаға деген жанашырлық көзқарас қалыптастыруға болады. Мамадияр ЖАҚЫП.