• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Арман Оспанов WSOF ұйымымен келісімшарт жасады

233 рет
көрсетілді

Ережесіз жекпе-жектен көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Арман Оспанов АҚШ-тағы әйгілі WSOF ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сұңқар» деген лақап атпен танымал болған Арман Оспанов  - жауынгерлік самбо, ережесіз жекпе-жек пен джиу-джитсуды да терең меңгерген спортшы. Жауынгерлік самбодан өткен әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы атанса, джиу-джитсуден Азия біріншілігінде де бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. Ал «Алаш прайд» клубында ережесіз жекпе-жектен көптеген аса ірі халықаралық турнирлерде топ жарды. Арман Оспанов спорт табалдырығын самбо мен дзюдодан бастап, кейін ережесіз жекпе-жекке бір жола бет бұрды. Ол осыған дейін көптеген жаттығуларын АҚШ-тағы әйгілі Грег Джексонның залында өткізген. Енді, Оспанов АҚШ-тағы әйгілі WSOF ұйымымен келісімшартқа отырды. WSOF ұйымы - АҚШ-тағы ең беделді ұйымдардың бірі. Бүгінгі таңда өзінің беделі жағынан олар Bellator нұсқасынан еш кем түспейді. Және де олардың UFC мен WSOF арасында іскерлік және достық қарым-қатынас орнаған