• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Мемлекеттік органдар БАҚ-тан қашып жүретін уақыт өтті - Абаев

256 рет
көрсетілді

Шенеуніктердің БАҚ-тан «тұмшаланып» жүретін уақыты өтті. Мұндай пікірді бүгін Алматыда өткен «Медиа құрылтайда» ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ханымдар мен мырзалар, мемлекеттік органдардың жабық болған мезгілі өтіп барады деп сіздерді сендіре аламын. Сіздер де, біздер де қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тиімділігі оның БАҚ-пен байланысымен анықталатын болатынын жақсы түсінеміз. Бұл - қазіргі уақытта бар міндетті талап. Сондықтан, меморган жабық болған, министрдің жабық болған уақыттары өтіп барады. Бұл - қалыпты үрдіс», - деді Дәурен Абаев. Оның айтуынша, келесі жылы медиа нарық және оның қатысушылары туралы ақпарат жарыққа шығады. «Ештеңе де құпия емес. Біз қанша БАҚ бар екенін, қайсысы қай салада жұмыс жасайтынын жақсы білеміз. Біз де, сіздер де біздегі сан жағынан көп БАҚ-тың жартысы жұмыс істемейтінін немесе тек қағаз жүзіне ғана бар екенін білеміз», - деді сөзін қорытындылаған министр.