• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Дубайда әлемдегі тұңғыш эко-мешіт ашылды (фото)

327 рет
көрсетілді

Дубай қаласындағы жаңадан құрылған «жасыл» аудандардың бірінде экологиялық мешіт ашылды. Мұсылман ғибадатханасы 700 адамға арналған. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында хабарланды. Мешіт құрылысына қоршаған ортаға зиянын ең аз тигізетін жоғары технологиялы, экологиялық таза материалдар қолданылған. Осылайша, энергияны тұтыну басқа мешіттерге қарағанда 90%-ға үнемделген. Ал мешіттің көлік тұрағы күн қуатымен жабдықталған. Sustainable City ауданы 460 мың шаршы метрді құрайды. Ауданның дамуы экологиялық, экономикалық және әлеуметтік сынды үш бағытқа негізделеді.