• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Өңірлік хаб Практиктер альянсын құрды

328 рет
көрсетілді

  Астанада Өңірлік хаб елдері, оның ішінде Грузия, Әзірбайжан, Қазақстанның халыққа қызмет көрсету саласындағы үздік тәжірибелері таныстырылды. Семинарды Өңірлік хаб, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Назарбаев университетінің» Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебі ұйымдастырылды. Жиында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын іштей қадағалау мәселелері қаралды. Сонымен бірге халыққа «бір терезеден» қызмет көрсетудің әлемдік озық тәжірибелері таныстырылды. Агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мемлекеттік аппараттың халықпен қарым-қатынаста өктемдіктен арылып, тиімді мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Мемлекет басшысының талабын орындау қажеттігін айтты. Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов “теңмен тең” қағидасы бойынша тұңғыш рет Практиктер альянсы құрылғанын мәлім етті. Альянс мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне арналатын болады. Хаб оның аясында Грузия, Әзірбайжан және Қазақстанның халыққа қызмет көрсету бойынша озық тәжірибелерін айшықтайтын сараптамалық материалдар әзірлеп, зерттеулерге сарапшылар тартты. Сарапшылардың жұмысы семинарға қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Әзірбайжан мен Грузия сарапшылары Қазақстанның аймақ елдері арасында бірінші болып енгізген «бір терезеде» қағидасымен мемлекеттік қызмет көрсету тәжірибесіне оң баға берді. Семинар жұмысына Президент Әкімшілігі, Премьер-министр Кеңесі, орталық мемелекетті органдар өкілдері қатысты.