• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Грузиялықтар Абайдың әнін орындады

317 рет
көрсетілді

Абай Құнанбайұлының әрбір қазаққа таныс "Көзімнің қарасы" атты әнін Грузия тұрғындары қазақ тілінде орындап берді, - деп хабарлайды egemen.kz Geo Folk Tour жобасының Facebook парақшасына сілтеме жасап. Парақшада "Қазақстандағы достарымызға арналады. Ән ескі Тбилиси заманындағы балладалар жанрында орындалған. Авторы: Абай Құнанбаев. Geo Folk Tour жобасы бейімдеген. Аранжировкасын Гиорги Маргвелашвили & Geo Folk Tour жасаған" деген қысқаша мәлімет көрсетіліп, астына "құрметті достар, біз әннің өзін көзсіз көшіре салуды мақсат тұтпадық, біз оны барынша грузиялық мәнермен орындауға тырыстық" деп түсіндірме жазылған.