• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Астанада World Beauty байқауы өтті

264 рет
көрсетілді

Miss World Beauty-2016 тәжін Семей қаласының тұрғыны 20 жастағы Назым Кұмарова жеңіп алып, фестивальдің бас жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жеңіс тәжін Назым Құмароваға Пьер Карденның мұрагері әрі жиені, байқауда қазылар алқасының төрағасы болған - Родриго Базиликати тақты. Айта кетейік, тәж 1,5 келіге тартады және Swarovski тастарымен безендірілген. World Beauty байқауы тарихта алғаш рет ТМД елдерінің бірінде, яғни Қазақстанда өткен. Астанаға әлемнің 20 елінен жиналған 120 қатысушы келген. 5 күннің қорытындысы бойынша бас жүлде Семейден келген студент қызға бұйырды. Қазір Назым қайта оқуына оралды. Ол болашақ физик-зертеуші екен. Алайда бұл жеңістен кейін оның жоспарлары өзгерді. "Мен осыған дейін мұндай байқауларға қатысқан емеспін. Әрине, жеңіске жетемін деп ойламадым да. Мен жаңа асуларды асып, өзімнің мүмкіндіктерімді тексергенді ұнатамын. Бұл байқау өзімді жаңа салада тануға мүмкіндік берді. Енді мен өзімді осы салада көргім келеді. Ал оқуымды бірге алып жүремін", - дейді Назым.