• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2016

Пайдаланылмайтын жерлердің салығы артады

219 рет
көрсетілді

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығына жарамды жерлерге салықты 10 есеге арттырудың арқасында Успен ауданының бюджеті 4,2 млн теңгеге толықпақ.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Успен ауданының әкімі Сергей Саламацкий мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Жер салығын 10 есе көбейту туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес Успен ауданының мемлекеттік кірістер департаментіне аймақтағы пайдаланылмай жүрген және пайдалану шарттарын бұзып отырған шаруашылықтар мен кәсіпкерлердің тізімі жіберілген болатын. Осылайша, 11,3 мың гектар жерде 30 жер учаскесі бар шаруалар 4,2 млн теңге салық төлеуі тиіс», - деді Сергей Саламацкий. Спикердің айтуынша, биыл кәсіпкерлер 3940 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Осы айдың соңына дейін кәсіпкерлерге жер телімдерін жалға беру бойынша конкурс өткізіледі. Жалпы ауданда жалға берілуге дайын 7057,9 гектарды құрайтын 35 жер учаскелері бар.