• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2016

Қазақстан әлемнің 70 еліне астық жөнелтеді

283 рет
көрсетілді

Әлемнің 70-тен аса еліне жыл сайын 5-8 млн. тонна  астықты нарыққа шығарып, Қазақстан астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің даму көрсеткіштеріне арналған баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Әсел Рамазанова мәлім етті. «Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі 2015 жылы 3,3 трлн. теңгені құрады. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 6 есеге артық.  Әлемнің 70-тен аса еліне жыл сайын 5-8 млн. тонна  астықты нарыққа шығарып, Қазақстан астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды. Жыл сайын 2,5 млн. тоннаға дейін ұнды экспортқа шығарып,  соңғы жылдары әлем бойынша көшбасшы орындардың бірін иемдендік», - деді Ә. Рамазанова. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласында әр кезеңнің ерешелігіне қарай шешімдер қабылданып отыратынын, тиісінше, қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде оң нәтижелер көрсетіп отырған әмбебап тетіктерді іске қосу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылданғалы отырғанын және де оның бұған дейінгі салалық бағдарламалардың заңды жалғасы екендігін жеткізді. Оның айтуынша, аталған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету.  Сонымен қатар, АӨК субъектілерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру үшін алыс шетелден қымбат техника мен жабдықтарды сатып алу үлесін төмендету бойынша шаралар қабылданады және де агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуді жетілдіру шеңберінде ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.