• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2016

Махамбет Досмұхамбетов - ҚР энергетика вице-министрі

380 рет
көрсетілді

Махамбет Досмұхамбетов ҚР бірінші энергетика вице-министрі болып  тағайындалды.  ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомство ұжымына бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовты таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz. Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай -газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы - Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскери әкімшілік ету магистрі болған. Еңбек қызметін 1983 жылы "Ембімұнай" бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да бас геолог, геология және геофизика бойынша бас директордың орынбасары, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары - басқарма мүшесі болған. Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология бойынша басқарушы директоры - бас геолог, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары және ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті лауазымдарын атқарған. «11 қарашада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Министрлік ұжымына ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Жолдасғалиұлы Досмұхамбетовті таныстырды», - делінген хабарламада.