• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2016

Халықаралық көрмеге қызығушы елдер көп

434 рет
көрсетілді

Жақында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің комиссары  Рәпіл Жошыбаев арнайы сапармен Болгария Республикасында болды, деп хабарлады ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің баспасөз қызметі. Комиссар Парламенттің Болгария мен Қазақстан Достық тобының төрайымы Даниела Дариткова-Продоновамен және түрлі фракцияның депутат­тарымен, Энергетика министрі Те­­менужка Петковамен, Сырт­қы істер вице-министрі Вален­тин По­ря­зовпен, Туризм вице-ми­­нистрі Ирена Георгиевамен, сон­­дай-ақ Болгария Сауда-өнер­­кәсіп палатасының төр­ағасы Цветан Симеоновпен кез­­десті. Депутаттармен кездесуі барысында Р.Жошыбаев Болгария тарапына Қазақстанның бастамаларына көрсеткен қол­дауы үшін ризашылық білді­ріп, болгарлық депутаттарды ЭКСПО-2017-ге келіп қайту­ға шақырды. Болгария мен Қа­зақстан Достық тобының төрайымы Даниела Дариткова-Продонова көрмеге дайындық барысында парламентаралық қарым-қатынасты дамытуда оң серпін бар екенін атап өтті. Болгария Энергетика ми­нистрімен кездесуі кезінде Р.Жо­шыбаев Қазақстанның «жасыл» энергетика саласындағы бас­тамалары туралы егжей-тег­жейлі әңгімелеп, көрменің «Бо­лашақтың энергиясы» тақы­­рыбын жан-жақты ашып берді. Өз кезегінде Теменужка Пет­­кова – Болгарияның ЭКСПО-2017 жөніндегі ұлттық үйлес­­ті­рушісі өз елінің «жасыл» энергетика саласында Еуро­­палық одақта көшбасшы елдер­­дің бірі болып табылатынын атап көрсетті. Өйткені, бұл ел 2015 жылдың өзінде-ақ жалпы энергия балансында қай­та­лама қуат көздерінің үле­сін 20 пайызға жеткізіп үлгер­ген. Петкова ханым Болга­рия компа­нияларының көрмеге энер­гетика саласы бойынша қатысуға дайын екендігін хабарлады. Болгария сыртқы саясат ве­домствосында болған кездесу кезінде екіжақты қарым-қа­ты­настың ағымдағы жағдайы мен перспективалары талқыланды. Р.Жошыбаев  Болгария тара­пын Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, ЭКСПО-2017-ге қатысуы екі­жақты ынтымақтастықты ны­ғай­­туға оң ықпал ететінін атап көрсетті. Өз кезегінде вице-ми­нистр В.Порязов көр­ме Қа­зақстанның БҰҰ-ның ор­нық­ты энергетика жөніндегі баста­маларын жүзеге асыруға қосы­латын сүбелі үлес болатынына сенім білдірді. Болгария Туризм министр­лігінде туризм, болгариялық туристік операторларды Аста­надағы көрме шеңберінде тәжі­рибе алмасу және  ынтымақ­тас­тық­қа шақыру мүмкіндігі қарас­тырылып, екі ел астаналары арасында тікелей авиабайланыс орнату ықтималдығы сөз болды. Болгария Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ц.Симео­новпен кездесу кезінде екі елдің іскер топтары арасында  «жасыл» энергетика және туризм сала­ларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Симео­нов мырза Болгарияның бейінді компанияларының ЭКСПО-2017-ге кең көлемде қатысуы үшін қолында бар мүмкіндікті жұмсайтынына сендірді.