• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2016

Ауруханаларды аккредиттеу басталды

321 рет
көрсетілді

Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу науқаны бас­талды. Шара Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Биылғы жылы бұл ерікті шараға қатысуға 180 медициналық мекеме ниет білдірді. Шараға бастапқы көмек көрсететін қалалық, аудандық, ауылдық амбулаторлық-стационарлық мекемелер бар. Еліміздің бүкіл өңірлері бойынша медициналық мекемелердің қызмет сапасын анықтауға 34 сарапшы тобы атсалысады. Олардың ішінде Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму министрлігінің өкіл­дері, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының маман­да­ры, арнайы дайындықтан өткен медициналық мамандар бар. Сонымен қатар, аккредит­теуге бақылаушы ретінде еліміздің Ұлт­тық денсаулық сақтау палатасының, қоғамдық ұйымдардың, саяси партия­лардың өкілдері тартылған. Аккрредиттеу барысында мекеменің жұмысы кешенді бағалаудан өтеді. Соның ішінде оның материалдық-техникалық базасы, қауіпсіздігі, көрсетіп отырған қызметінің сапасы ескеріледі. Аккрредиттеу қорытындысы ұжымға өздерінің кемшін тұстарын ескеріп, оларды өз бетінше түзеуге мүмкіндік береді. Аккредиттеу мерзімі үш жылға жарамды. Бағалау қорытындысы бойынша мекемелерге үш санат бойынша аккредиттеу сертификаты беріледі. Аккредиттеуден сәтті өткен мекемелерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру кезінде басымдық беріледі. Науқастар емделетін мекемені таңдау барысында оның аккредиттеуден өткен-өтпегенін ескеру арқылы қызмет сапасын бағалай алады. Қазақстанның ұлттық аккредит­теу стандарттары халықаралық стандарт­тарға сай жасалған. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы аккредиттеу нау­қанына 241 медициналық мекеме қаты­сып, олардың 142-сі- екінші, 84-і – бірін­ші, алтауы жоғары аккредиттеу санатын алып, 9 мекеме аккредиттеуден өте алмай қалды. Гауһар БИСАРИНА, ДСӘДМ баспасөз қызметінің бас маманы