• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2016

Мәжілісте парламенттік тыңдау өтеді

271 рет
көрсетілді

Мәжілісте 18 қараша күні «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жаңғырту» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бұл іс-шараның басты мақ­саты  – қылмыстық әділет сала­сын­дағы кодекстерді қолдану жағдайына талдау жасау, осы заңнамалық актілердегі коллизия­лар мен олқылықтарды анықтау және «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының «Заң үстемдігін қамта­масыз ету» институттық реформа талаптарының аясында одан әрі дамуы жолдарын белгілеу. Парламент өкілдерімен қатар, тыңдауға Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, ҰҚК, Мем­ле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қи­мыл агенттігі, Ішкі істер, Әді­лет, Қар­жы министрліктерінің өкіл­дері қа­тысады деп жоспарлануда. Сонымен бірге, саяси партиялар мүшелері, Республикалық адвокаттар алқасы, Жеке сот орын­даушылардың республикалық палатасы, мемлекеттік емес ұйым­дар, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылар шақы­рылған. Парламенттік тыңдау қоры­тындысы бойынша тиісті ұсы­нымдар қабылданады.