• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2016

Алматыда дауыл болады

328 рет
көрсетілді

Алматыда 13-14 қарашада желдің күрт күшеюіне байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланды. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 13 және 14 қарашада Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, 14 қарашада Алматы облыстарында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с аса күтілуде. 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қалың қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с  жетуі ықтимал, - делінген ҚР ІІМ ТЖК сайтында.