Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Франциядағы Гран-приде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sports.kz.
Еркін бағдарламада қазақстандық 180,05 балл жинады. Осылайша оның қысқа бағдарламасындағы балын есептегенде жалпы ұпайы 269,26 болды. Жеңіс тұғырына испандық Хавьер Фернандес (285,38) көтерілді. Ол қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті. Үшінші орында америкалық Адам Риппон (267,53). Ол еркін бағдарламаға дейін төртінші болып тұрған.