• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Алматы облысы ұлттық спортты дамытуда үздік үштікте

394 рет
көрсетілді

Алматы облысында қазіргі таңда 1 380-нен астам дене шынықтыру ұжымдарында ұлттық спортпен айналысушылар саны 47 мың адамға жуықтайды. Оның ішінде қазақ күресіне, тоғызқұмалақ пен ұлттық ат спортына қызығышулар қатары көп. Ұлттық спорт түрлерімен барлығы 562 жаттықтырушы (486 ауылда) оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы, облыста ұлттық спорт түрлерін дамытуға бюджеттен 69,9 млн теңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда Алматы облысы ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша республика деңгейінде үздік үштік қатарында. Облыста 2011 жылы ұлттық спорт түрлерінен клуб ашылды. Онда көкпар, аударыспақ, теңге ілу түрлерінен 50-ге жуық спортшы айналысады. Сондай-ақ, облыста заман талабына сай «Талдықорған», «Көкбастау», «Нұрдәулет», «Азем» сынды 4 ипподром жұмыс істейді. Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров айтты.