• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Air Astana бортсеріктерінің киімі - үздік үштікте

449 рет
көрсетілді

"Эйр Астана" бортсеріктерінің киімі «Борисполь» украиналық әуежайы ұйымдастырған «Әуе қарлығаштары» конкурсында екінші орын алды. Бұл туралы авиакомпания баспасөз қызметі Твиттер-аккаунтында хабарлады. "Борисполь" әуежайы сайтының жазуынша, конкурсқа әлемнің 12 елінен 16 авиакомпания қатысқан.  Жеңімпаздарға 4 жүлде ғана берілген (жеңімпаздар үштігі, көрермендер көзайымы номинациясы).   Көшбасшыны айқындап алған соң, сән мен авиация саласындағы сарапшылар бірінші орынды Azur Air Ukraine украиналық авитасымалдаушысына, екінші орынды «Air Astana» серіктес - авиакомпания өкілдеріне, үшінші орынды - «Wind Rose» авикомпаниясына табыстады. Көрермендер көзайымы әуежай веб-сайтындағы сауалнамаға сәйкес «МАУ» авикомпаниясы болды. «Әуе қарлығаштарының» костюмдерін «Борисполь» әуежайының басшысы Евгений Дыхне, Украина азаматтық авиациясының бортсеріктері қауымдастығының басшысы Инна Радзивилова, «L'OFFICIEL» журналының бас редакторы Ана Варава, тәуелсіз сарапшы - «Миссис Вселенная-2016» конкурсының жеңімпазы және оның номинацияларының бірі «Ең әдемі ұлттық костюм» аталымының иегері - Ольга Торнер, заңдық серіктес Эрнест Граматский бағалады. Көрермендердің және ұйымдастырушылардың бірауызды шешімімен конкурсқа жоғары «жыл сайынғы» аталымы берілді.