• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Қазақстандық самбошы - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

341 рет
көрсетілді

Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық палуан Динара Жұмабаева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Динара 64 кг салмақта сәтті өнер көрсетіп, тек финалда Беларусь елінің өкілі Татьяна Мацкоға есе жіберді. Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына ешқандай жүлде түскен жоқ болатын. Ал сенбі күні қазақстандықтар үшін әлдеқайда сәтті болды.  Динарадан басқа батысқазақстандық палуан, әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров 57 кг салмақта спорттық самбодан күміс медальға қол жеткізді. Оған қоса тағы екі батысқазақстандық спортшы Қазбек Сұпығалиев пен Темірлан Ихсанғалиев сәйкесінше 62 және 82 кг салмақта қола жүлдені иеленді.