• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Корея президентін прокурорлар жауапқа тартпақ

310 рет
көрсетілді

Оңтүстік Корея тарихында алғаш рет қазіргі президент прокурорлық жауапқа тартылуы мүмкін. Пак Кын Хе-ден жауап алу оның досы  Цой Сун Сильдің қатысы болған сыбайлас жемқорлық жанжалынан кейін талап етілуі ықтимал, деп хабарлайды vesti.ru. Прокурор президентпен басты айыпталушы Цой Сун Сильді ұстау мерзімі аяқталып, оған айып тағылғаннан кейін осы жексенбі, 13 қарашада немесе 20 қарашада кездесуі мүмкін. Оның құрбысы Цой, саяси ықпалды пайдаланып, ірі кореялық компанияларға қысым жасап, алымдар жинаған, оған тиесілі қорлар есепшоттарына ақша аударуға мәжбүрлеген. 12 қарашада Сеулде наразылық білдірушілердің шеруі болды. КР астанасында ұйымдастырушылардың деректері бойынша миллионға жуық адам жиналған. Полициямен қақтығыстар болып, 4 адам ұсталды. Пак Кын Хе рейтингі  жылдам құлдырауда және 5 пайызды құрайды. Оның саясатына халықтың 90 пайызы қанағаттанбай отыр.