• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Жеңіл атлет Усэйн Болт футболға ауыспақ

401 рет
көрсетілді

Олимпиаданың 9 дүркін чемпионы Усэйн Болт кәсіби футболшы болғысы келеді. Жеңіл атлет дормундтық "Боруссия" командасымен жаттығу жасамақ, деп хабарлады The Guardian. "Бұл ойымнан не шығатынын уақыт көрсетеді", - деді Болт. Сонымен қатар ол "Манчестер Юнайтедті" жақсы көретінін, осы клубтың құрамында ойнағысы келетінін айтты. Ол үшін спринтер команданың бас жаттықтырушысы Жозе Мауриньомен кездесу керек деп отыр. "Егер мен "Манчестер Юнайтед" сапында ойнай алсам, арманым орындалар еді", - деді Олимпиада чемпионы. Естеріңізге сала кетсек,  2008, 2012 және 2016 жылдары өткен Олимпиадада Болт жалпы есепте тоғыз алтын медаль алған еді. Ол әлемнің 11 дүркін чемпионы және 100 метрге (9,58 секунд), 200 метрге (19,19 секунд) жүгіруден қазіргі рекордтың иесі.