• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Джеки Чан "Оскар" алды

363 рет
көрсетілді

Джеки Чан "Оскар" премиясын алды. Бұл туралы америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы Twitter парақшасында жазды. Бұл сыйлық актерға кинематография саласындағы ерен еңбегі үшін берілді. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, сыйлықты табыстау рәсімі сенбі күні Лос-Анджелесте өтті. "200 фильм мен қаншама сынған сүйектен кейін мен "Оскарды" алдым", - деді 62 жасар актер салтанатты рәсімде. Естеріңізге сала кетсек, кинематографиядағы ерен еңбегі үшін бұл сыйлық 1948 жылдан бастап беріледі. Ал Джеки Чан 2016 жылы табысы бойынша Forbes тізімінде екінші орын алған еді.