• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

ОҚО әкімі тұрғындарды ағаш егуге шақырды

240 рет
көрсетілді

Шымкентте 17 шағын ауданында орналасқан гүлзарды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына орай ел игілігіне берілген демалыс орнының ашылу салтанатына облыс əкімі Жансейіт Түймебаев пен қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты, деп хабарлайды egemen.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы барша шымкенттіктерді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, қаланы жасыл желекке айналдыру үшін Шымкенттің әрбір тұрғынын бір тал ағаш егуге шақырды. «Бұл жер сіздердің сүйікті демалыс орындарыңызға айналатынына сенімім мол. Халықтың тынығуына жағдай жасау мақсатында қалада көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, көптеген демалыс орындары қайта жөндеуден өтіп жатыр. Осы сұлулықты сақтап қалу үшін тұрғындардың да көмегі қажет. Менің әкем зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі ғұмырында 3 мың терек еккен. Сондықтан, әрқайсыңыздың қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуларыңызды сұраймын және бірлесе жұмыс жасауға шақырамын»,- деді Ж.Түймебаев құттықтау сөзінде. Жандарбеков көшесі бойынан ашылған ашық алаңды жөндеуге 58,4 млн. теңге жұмсалған. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орнында жолдар жөнделіп, орындықтар, қоқыс жəшіктері мен жарықтандыру бағаналары орнатылды. Сонымен қоса, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізіліп, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрған субұрқақтар қайта жөндеуден өткізілді.