• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Ақтау полиция бекетінде балалар кабинеті ашылды

271 рет
көрсетілді

Ақтаудағы учаскелік полиция бекетінде «Достық» кабинеті ашылды. Ол қиын жағдайға тап болған балаларға арналған, деп хабарлады "Хабар 24" арнасы. Мәселен, мұнда көшеде ойнап жүріп, ата-анасынан адасып қалған балалар аялдауы мүмкін. Ерекше кабинетте түрлі ойыншықтар мен сурет салатын альбомдар, үстел ойындары мен қызық кітаптар бар. Мамандардың айтуынша, бұл кабинетке келген балақайлар өздерін жайлы сезінетін болады. Жобаның басты мақсаты – әділет жүйесін жетілдіру. "Облыс бойынша әділет жүйесінің «Достық» кабинеттерін ашуды жоспарлап отырмыз. Тергеу басқармасы мен тергеушілер үшін 8, сондай-ақ учаскелік инспекторлар үшін де 8 кабинет ашылады", - деді облыстық ІІД ЖПҚ ювеналды полиция тобының аға инспекторы Эльвира Қасанова.