• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2016

Дубайда жүргізушісіз жүретін көліктерді тестілеу басталды

391 рет
көрсетілді

Дубайда жүргізушісіз жүретін көліктерді тестілеу басталды, деп хабарлады РИА Новости. "Дубайдың жол және көлік басқармасы жүргізушісіз жүретін көліктерді сынақтан өткізіп жатыр. Олардың әрқайсысы он адамды тасымалдай алады", - деп жазды Arabian Business. Қазір мұндай көліктер Business Bay ауданында 650 метрлік маршрутпен жүреді. Осы басқарма өкілі Ахмед Бахрозианның айтуынша, тестілеу жұмыстарының мақсаты - Дубайдың климаттық ерекшеліктерінде көліктердің жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру. Сонымен қатар осындай көліктер туралы тұрғындарды хабардар ету. Дубай үкіметінің стратегиясы бойынша, 2030 жылға қарай барлық жолдар осындай көліктермен қамтылмақ. Ал Дубайдың жол және көлік басқармасы өзі жүретін көліктерді метро станциялары мен сауда орталықтарында, туристер жүретін танымал жерлерде, бизнес-орталықтарында енгізуді жоспарлап отыр.