• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

14 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

333 рет
көрсетілді

14 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын, қар жауады, бұрқасын күтіледі, республиканың батысында, солтүстік батыста жөне солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, оңтүстікте, оңтүстік шығыста жөне шығыста екпіні 30 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде 23-28м/с, екпіні 30м/с күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с, түнде және таңертең тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болды. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, жаяу бұрқасын соғады. Қостанай, түнде және таңертен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, бұрқасын, тұман болады. Қарағанды  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.