• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Астана көшелеріне 369 техника жұмылдырылды

374 рет
көрсетілді

Астана көшелерінде таңертең көлік кептелісі орын алып, коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі. "Астана Тазалық" ЖШС мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 8.00-де қар жинау жұмыстарына 369 арнайы техника тартылды. Қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына 363 жол жұмыскері жұмылдырылды. 2 746,00 текше метр құм-тұз қоспасы себілді. Тәулік ішінде 6 655 текше метр қар шығарылды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Астанада қар жауады, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -13...-15 С.