• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Ветеринарлық бақылау күшейеді

457 рет
көрсетілді

Бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов еліміздегі ветеринария саласының жай-күйін баяндады. «2014 жылғы жүргізілген мемлекеттік басқарудың жекелену барысында, әкімдікке ветеринария саласының функциялары 1097 штаттық бірлікпен қоса берілді. Министрлікке ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт/импортқа шығуы мен әкімдіктің ветеринария саласында істеп жатқан жұмыстарын үйлестіру мен бақылау жүргізу және саланы заңмен қамтамасыз ету функциялары қалды», деді Қ.Айтуғанов. Ветеринария саласының негізгі функциялары әкімдік арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу, жануарларды бірдейлендіру және санитарлық мал союды ұйымдастыру, ветеринарлық анықтаманы беру, ішкі сауда объектілеріне, жеке ветеринариялық дәрігерлердің жұмысына, емдеу мекемелеріне, дәріханалар мен зертханаларға, ветеринариялық-санитарлық сараптамаларға бақылау жүргізу және мал қорымдарымен қамтамасыз ету жұмыстарының бәрі әкімдікпен жүргізіледі. Қ.Айтуғанов вакцина сатып алу жүйесін жетілдіру шаралары туралы да айтты. «Сапасыз вакцинаны өндірудің бірден-бір себебі вакцинаны қысқа мерзімде жеткізу болып табылады. Осыған байланысты, жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу конкурсын 15 желтоқсанға дейін хабарлау сияқты конкурстық құжаттарға бірнеше өзгерістер енгізілді», деді вице-министр. Сондай-ақ, ветеринария саласын модернизациялауға бағытталған алдағы жоспарланған шараларға тоқталды. Мәселен, ветпрепараттарды өндірушілер мен жеткізушілер үшін талаптарды күшейту көзделіп отыр. Талаптар орындалмаған жағдайда заңға сәйкес, лицензияларынан айрылып қалулары да мүмкін. АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жасалынып жатқан Мемлекеттік бағдарламасында ветеринарлық бақылауды күшейту мақсатында бірнеше өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Олар: малдарға арналған сырғаларды сатып алу функциясын әкімдікке беру, ветеринарлық ұйымдардың талаптарын жергілікті атқарушы органның бекіту, әкімдіктегі ветеринариялық бөлімшелердің жұмысының тиімділігін бағалау жүйесі, ауыл шарушылығы өнімін өндірушілердің әкімдіктегі ветеринариялық бөлімшелер алдында есеп беруді енгізу болып табылады. Динара БІТІКОВА, "Егемен Қазақстан".