• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Валуев павлодарлық қыздың соққысына тәнті болды

302 рет
көрсетілді

Ең жылдам боксшы қыз Эвника Садвакасова өз жасына қарамастан, Youtube жұлдызына айналды. Павлодар тумасы Ресейдің Бірінші арнасында басталған «Ең үздік» телебағдарламасының кейіпкері атанды. Тоғыз жастағы қыз 30 секундта 206 соққы жасай алады. Шоу жүргізушісі Максим Галкин жас спортшыға өз рекордын жаңартуды ұсынды және аңызға айналған Николай Валуевті көмекке шақырды. Жаңа рекорд орнатпастан бұрын жүргізуші Эвника жайлы бейнероликті көруге кеңес берді. «Мен бұл роликті бұрын да көргенмін, менің ойымша барлық боксшы, Олимпиада чемпиондары да, әлем чемпиондары да көрді және таңдай қақты, барлығы оның жылдамдығына және соққысының дәл тигеніне тәнті болуда», - деді Н.Валуев. Танымал боксшы 30 секундта 206 соққының өте көп екенін растады. Нәтижесінде, Эвника телешоуда 30 секундта 221 соққы жасап, өз рекордын жаңартты. Эвника өскенде танымал боксшы болғысы келетінін айтты.