• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Оралда теннистен халықаралық турнир басталды

224 рет
көрсетілді

Орал қаласындағы теннис кешенінде 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Junior Uralsk Open турнирі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық балалар-жасөспірімдер теннис спорты мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ольга Сергееваның айтуынша, Қазақстан теннис федерациясы БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Оралда осындай деңгейде алғаш рет ұйымдастырып отырған жарысқа әлемнің Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Грузия, Украина, Ұлыбритания елдерінен жетпіс шақты жас теннисші қатысып, бақ сынауда. 12-13 қараша күндері іріктеу сайыстары өтсе, дүйсенбіде негізгі турнир басталды. Халықаралық турнир 19 қараша күні мәреге жетеді.