• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Роналду өмір бойғы келісімшартқа отырды

405 рет
көрсетілді

Мадридтік "Реал" командасының және Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду Nike компаниясымен өмір бойғы спонсорлық келісімшарт жасады. Бұл туралы 101greatgoals.com хабарлады.

Келісімшарт бойынша футболшы жыл сайын 24 миллион доллар алатын болады.  Ол 73 жасқа толған кезде барлық төлем миллиардтан да асады.

31 жасар Роналду компаниямен өмір бойғы келісімшарт жасаған тарихтағы үшінші спортшы. Оған дейін америкалық бейсболшы Майкл Джордан мен ЛеБрон Джеймс осындай құжатқа қол қойған еді. Бірақ олардың қаржылық мәліметтері белісіз.

Роналду Nike компаниясымен 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал 6 қараша күні "Реалмен" келісімшартты 2021 жылға дейін созған еді. Бірақ оның алатын еңбекақысының көлемі туралы айтылмады.