• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Жаңа Зеландияда тағы жер сілкінді

351 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландияда магнитудасы 6,2 болатын ірі жер сілкінісі болды. Бір күнге жетер-жетпес уақыт бұрын онда 7,8 балдық жер сілкінісі болған еді, деп хабарлады BBC.

Алдын ала деректер бойынша бірінші жер сілкінісінде 2 адам қаза тапқан.

Сонымен қатар жер сілкінісінен кейін 2,5 метрлік цунами жағалауға жақындап, билік халықты сол маңдардан алыс жүру туралы ескерткен болатын.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көптеген мектептер мен кәсіпорындар бүгін жабық тұр. Сонымен қатар паромдар мен пойыздар тоқтатылған. Көптеген ғимараттарға зақым келген.