• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Ақмола облысында жетім балаларға пәтер берілді

325 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жетім балаларға жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйден 15 пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Салтанатты шараға аудан әкімдігінің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдерінің басшылары қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Осы орайда, аудан әкімі А.Қалжанов ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында су жаңа үйден баспаналы болып отырған жетімдерді құттықтап, жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.