• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

СҚО әкімі Роман Кречті құттықтады

275 рет
көрсетілді

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Харбин қаласында өтiп жатқан Әлем кубогының кезеңдерiнiң бiрiнде жеңiске жеткен конькишi Роман Кречке құттықтау жеделхатын жiбердi. «Сiздi барлық солтүстiкқазақстандықтардың және өз атымнан конькимен жүгiру спортынан Әлем кубогында «А» дивизионында 500 метр қашықтыққа жүгiруде көрсеткен тамаша жетiстiгiңiзбен құттықтаймын! Бұл жарыста Сiз жоғары дайындығыңызды, төзiмдiлiгiңiз бен қажыр-қайратыңызды көрсетiп, мақсаткерлiк қасиетiңiздiң арқасында мықты қарсыластарыңыздан озып шығып, үздiк атандыңыз. Сiздiң жеңiсiңiз солтүстiкқазақстандық коньки спортының тарихындағы айрықша жетiстiк болды», — делiнген жеделхатта. Ерiк Сұлтанов Роман Кречке зор денсаулық, амандық, спортта жаңа жеңiстер тiледi.