• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2016

Мәдени мұраны қорғау туралы ғылыми кеңес өтті

379 рет
көрсетілді

14 қарашада Қызылордада мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтіп. Онда көне қалалардың зерттелуі мен аймақтағы туристік кластерді дамыту мәселелері  талқыланды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жиынды ашқан облыс әкімі, ғылыми-әдістемелік кеңестің төрағасы Қырымбек Көшербаев аймақта атқарылған шаралар туралы баяндады. Облыс әкімі  ғылыми-әдістемелік кеңестің қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, Қазалы және Қармақшы аудандарында өлкетану мұражайлары, Ыбырай Жақаевтың туған жері-Шиелі ауданында күріш өсіру тарихы мұражайы ашылғанын, биыл көне қалалар-Сығанақ, Жанкент және Шірік-Рабатта қазба жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Мұнан соң кеңес мүшелері алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның ішінде «Байқоңыр» кешені номинациясының перспективалары мен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларының тізіміне философ, композитор Қорқыт атаның күйлерін енгізу, сонымен қатар аймақтағы этнотуризмді дамыту мәселелері талқыланды.