• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

Музейлерде виртуалды тур ашылмақ

399 рет
көрсетілді

Келер жылы еліміздегі тарихи-танымдық ескерткіштер мен жәдігерлер жайлы сыр шертетін электронды веб-порталдар іске қосылады, деп хабарлады "Хабар 24" арнасы. Сол арқылы қазақстандықтар кез келген музейге виртуалды саяхаттап, тағылымды тәрбие алуына мүмкіндік алмақ. Жалпы соңғы 15 жылда сала жұмысына енген оң өзгерістер жетерлік. Еліміз бойынша музейлер саны екі есе артып, оларға тиесілі құнды жәдігерлер 2,5 миллионға жуықтады. Сондай-ақ, аспан астындағы 5 мыңға тарта петроглиф пен қорғандар да бар. Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тарихи-танымдық ескерткіштердің басым бөлігі жаңғыртылып, мемлекет меншігіне алынды. «Өз алдына бөлек мекеме секілді құрылған мемлекеттік музейлер жұмысы өте тиімді. Яғни, бюджетке салмақ салмайды. Мұражайлардың табысы молайып, жан-жақты дамуы үшін қажетті қаржылық әлеуеті артады», дейді ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Күміс Сейітова.