• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

Алып анадан туады

303 рет
көрсетілді

Жақында Ақтау қаласында салмағы 6 килограмм 100 грамм қыз бала дүниеге келді. Елімізде 5 кг-нан жоғары салмақпен туған нәресте алып саналады десек, бұл Маңғыстау облыстық перинаталдық орта­лығында соңғы бес жылда қайта­ланып тұр екен. Алып сәбидің анасы – Ақтаудың іргесіндегі Мұнайлы ауданының 37 жастағы тұрғыны. Бұған дейін үш ұл мен екі қыз өсіріп отырған отбасының бұл – алтыншы перзенті. Атап айтар жайт, олардың алдыңғы балалары да түгелдей ауыр салмақпен туған және келіншек бар­лығын да табиғи жолмен өмірге әкелген. Маң­ғыстау облыстық пери­наталдық орталық дирек­то­­ры­ның орынбасары Р.Бада­но­­ва­ның айтуынша, бұл отба­сын­дағы балалардың үлкені 3 кг 900 гр, екіншісі 4 кг 300 гр сал­мақта болған. Үшінші сәбидің туған­дағы салмағы 4 кг 900 гр болса, төртіншісі 5 кг 900 гр екен. Қазіргі таңда сәбидің анасының да, өзінің де жағдайы жақсы. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы