• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2011

Еркіндік берген өкілеттілік аясында

521 рет
көрсетілді

Міне, талай-талай «тар жол, тайғақ кешулерді» басы­нан кешірген кеңпейіл хал­қы­мыз, жайсаң да жомарт жұр­тымыз өзінің ғасырлар бойы аңсаған асыл тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына қадам басты. Тәуелсіздік! Осы бір жалғыз ауыз  сөздің астарына қаншама қымбат та қасиетті ұғым сыйып тұр де­сеңізші! Оның астарын­да «мың өліп, мың тірілген» дана хал­қымыздың асыл ар­маны, мұ­рат­ты мүддесі, азат­тық аңса­ған ата-бабалардың күрес жолы жа­тыр. «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы Жолдауда мерей­тойымыздың ұраны – «Бейбітшілік пен жасам­паз­дық­тың 20 жылы» деп айрық­ша дәл атап көрсетілген. Иә, еліміз еркіндік алып, өз қолы өз аузына жеткен осы жиырма жыл ішінде қазақ жұр­ты өткен тарих толқындарында еш­қашан қол жеткізіп көрме­ген ас­қарлы асулар мен биік межелерге шықты. Төрткүл дүние қазақ деген халықты та­нып, жас тәуелсіз мемлекетіміз өркениет шоғы­рын­дағы шоқ­тық­ты елдердің қата­рынан лай­­ықты орнын алды. Бас­қа­сын былай қойғанның өзінде, өткен жылы төрт мұхиттың ара­лы­ғындағы айтулы 56 мем­лекет­тің басын біріктірген мәртебелі ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрелік ай­тып, тарих шежіресінен ай­шық­ты ор­нын алатын Астана Деклара­ция­сын қабылдатты. Жол­дауда атап көрсетілгенін­дей, «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолы­ның – БОС­ТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰ­РАҚ­ТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді арқаулық құнды­лық­тары қа­лып­тастырылды». Осы жылдар ішінде эко­но­микамыз ғарышты қарқынмен дамып, халқымыздың демо­кр­ат­иялық өркендеуінің алғы­шарт­тары да жасалды. Жергілікті өзін-өзі басқару инсти­туттары құрылып, жергілікті мәслихат­тарға үлкен өкілетті­лік берілді. Міне, осындай үр­­дістерде  Ақмо­ла облыс­тық мәс­­лихаты да өзінің келбетін қалыптастырып, өңір­лік даму баспалдақтарында ха­лықтың үні мен мүддесін айқындауда елеулі қолтаң­ба­сын қалыптас­ты­рып келеді. Ақмола облысының халық қалаулылары тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығында жеткен жетістіктерді баянды ету жо­лында өз сайлаушыларымен тұрақты байланысын нығайта отырып, билік баспалдақ­та­рын­да олардың үні көмескі­лен­беуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Тек өткен жылдың өзінде ғана облыстық мәсли­хаттың депутаттары жер-жер­лерді аралап, сайлаушылар­мен 327 кездесулер және жи­налыс­тар өткізді. Сайлаушы­лардың 664 өтініші қаралып, 600-ден астам тұрғын депутат­тардың қа­былдауларында бол­ды. Тұр­ғындардың өтініші бойынша жергілікті биліктің тиісті шешім қабылдауы үшін 197 өті­ніш-шағымдар жол­данды. Облыстық мәслихаттың дәс­түр­лі кездесулері мен жүз­десу­ле­рін­де сайлаушылар тұр­ғын­дар­ға медициналық қызмет көр­сету, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұр­ғын үй-ком­му­налдық шаруа­шы­лықтың қыз­метін жетілдіру, жер телімдеріне байланысты өті­ніш­тер, зейнет­ақы­мен қамту, жас­тар­ды жұ­мыс­қа ор­наластыру, кө­лік жолдарын жөн­деу, қоғамдық көліктің жұ­мысын рет­теу мә­се­лелерін кө­те­реді. Со­ны­мен қа­тар, мәсли­хат­тың тұр­ғын­­дармен жүргізетін жұ­мысы ба­рысында елді мекендерді көрік­тен­діру және көгалдандыру, лауа­зым­ды қыз­меткерлердің жұ­мы­сында орын алған кемшіліктер жә­не аз қамтамасыз етілген тұр­ғын­дарға материалдық көмек көр­сету мәселелері де жиі сөз болады. Осындай көкейкесті мәсе­ле­лер­ді шешу халық қалау­лы­ла­ры­­ның күнделікті жұмысында өзек­ті орын алады. Түптеп келгенде, мұ­ның бәрі тәуел­сіз­ді­гі­міздің 20 жыл­дығында тұғырға шығарып отыр­ған халқы­мыз­дың тұрмыс­тық-әлеуметтік жағ­дайын жақ­сар­тып, ертеңгі жар­қын болашаққа бастайтын сара бағыт екендігі белгілі. Об­лыс­тық мәслихат депу­тат­тары­ның тікелей араласуымен об­лы­сы­мыздың елді мекендеріне ауыз су тарту мәселесі тұ­рақ­ты кө­те­р­і­ліп келеді. Ел эконо­микасы әлеуе­тінің жарқын бір кө­ріні­сін­дей 2011 жылы облыс орта­лы­ғының сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандыру мақ­­­сатында рес­пуб­ликалық бюджеттен 2,6 мил­лиард теңге қаржы бөлініп отыр. Өткенге қанша емексу жа­са­сақ та бұдан бұрын Көк­ше­тау қала­сы­ның су тарату жүйесін қай­та құ­ру­ға мұндай қар­жы бөлі­ніп көр­ген жоқ. Осы­ның бәрі бү­гінде 20 жылдық ме­же­сіне қа­дам басқан ел тәуел­сіз­ді­гінің жемісі екендігі даусыз. Өз сайлаушыларының ама­на­­ты бойынша Степногор қала­сы­нан сайланған депутаттар Заводской, Ақсу, Шаңтөбе және Новокранштант кенттерінің су тарату желілерін жаң­­ғырту тура­лы үне­мі мәселе кө­те­ріп келеді. Осыған байла­нысты биыл­ғы жы­лы осы елді мекендердің су тарату желілерін жа­­ңар­ту мақсатында кешенді бағ­дар­­лама қа­­был­данды. Об­лыс­­­тық мәс­­­ли­хат­тың де­пу­тат­тары В.Под­­­манкова және И.Жан­­­­ғор­а­­з­ов­тардың жігерлі іс-шара­лары­ның нәти­же­сінде Степ­ногор қа­ла­сындағы №6 мектеп-гим­назия­ның ғимаратына және Аршалы ауданы Са­ры­оба орта мектебіне күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жүр­гізіл­ді. Аст­рахан ау­да­ны­нан сай­лан­ған ха­лық қа­лау­лы­сы Д.Са­ғада­това­ның табан­ды­лы­ғы­ның арқа­сын­да Зе­лен­ный ауылын электр қуа­ты­мен қам­тамасыз етуге 12,2 миллион тең­­ге қаржы бөлініп, Аст­ра­ханка ауы­­лында ардагерлерге қызмет көр­­сететін әлеуметтік дү­кен ашылды. Тәуелсіздік пен демократия бір-біріне тікелей байланысты ұғым болмаса да бірінсіз бірі өр­кен­де­мей­тін қанаттас құбылыс екендігі даусыз. Осы орайда д­е­мо­кратияны дамытуға жергілікті өзін-өзі бас­қаруды жақсартудың, жергілікті мәс­­лихаттардың өкі­лет­тілігін арт­тырудың өлшеусіз ық­палы бола­тын­дығы талас ту­дыр­майтын шын­дық. Бүгінде об­лыстық мәслихат депу­та­т­тары­ның тікелей араласуы­мен іс жүзі­не асырылып жатқан әлеуметтік мәселелер соның айқын дәлелі бол­са керек. Халық қалау­лы­лары­ның үні билік органдарына әсер етіп, ықпалды шаралардың іс жү­зіне асырылуы да сол тәуел­сіздік берген өкілеттіктің арқасы. Мә­се­лен, Ақмола облысының орта­лы­ғы болған жылдар ішінде Көк­ше­тау қаласының адам танымастай өзгеруі сол ел қол жеткізген ер­кін­діктің нәтижесі. Көкшетау қа­ла­сын көріктендіру мен абат­тан­дыруға төрткүл дүниені тізерлеткен кешегі әлемдік қаржы-эко­но­микалық дағ­да­рыс кезеңінің өзін­де «Жол кар­тасы» аясында 1,3 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Қаланы көрік­тен­діру мен абат­тан­дыру үшін екі жыл ішінде ешқа­шан мұндай қар­жы бөлінген емес. Көк­шетау көше­лерін жөн­­деу жә­не көгал­дан­ды­ру үшін 2011 жылы тағы да мемлекеттік бюджеттен 900 миллион теңге қаржы қа­рас­тыры­лып отыр. Өңірден сай­лан­ған депутаттар С.Елу­­баева, Г.Марченковалардың бастама­сы­мен соңғы жылдары об­лыстық кі­тапхананы бүгінгі заман та­ла­бы­на сай компьютерлік қон­ды­­ғы­лармен жабдықтау тұр­ғы­сында кешенді жұмыс ат­қа­рыл­ды. Сол сияқты халық қа­лау­лы­лары­ның ық­­­па­лы мен қалалық сая­бақты қайта жаб­дық­тау, қала­лық ком­му­налдық кәсіп­орын­дар­дың жар­ғы­лық капи­та­лын қор­лан­дыру тұр­­­ғысында айтарлық­тай жұмыс­тар ат­қарылды. Қазақ­тың көркем де кө­рікті өңір­лерінің бірі – шежірелі Көкшетауды көр­кейту қай кезеңде болса да қазақ азамат­та­ры үшін мұратты мақсат бол­ғандығы анық. Еңбекшілдер ауда­ны­нан сай­лан­ған ха­лық қалаулысы К.Әдиет­ованың тікелей араласуымен соң­ғы жылдары осы ауданның Невское, Мамай және Ан­дықожа бат­ыр ауыл­дарын сапалы ауыз сумен қамта­ма­сыз ету мәселесі шешім тап­ты. Сол сияқты осы аудан аума­ғын­дағы Степняк – Макин бағы­тын­дағы об­лыстық дәрежедегі жол күрделі жөн­деуден өткізілді. Об­лыстық мәс­лихат депутат­тары­ның белсенді араласуының нәти­же­сінде облысы­мыз өткен жылы болған Қызыл­ағаш ауылының қа­сіретіне жана­шырлық көмек көр­сетті. Депутаттар өздерінің жеке қаржысы есебінен 524 мың теңге аударса, мәслихат депутаттары бас­­қаратын облыстағы кәсіп­орын­дар Қызылағаш ауылының тұрғын­дары­на көмек ретінде 4,5 миллион теңге қаржы аударды. Жоғарыда атап өткеніміздей, тәуелсіздігіміздің 20 жылдық шежірелі шеру жолында елі­міз­дің барлық өңірлерінің эко­но­ми­касы елеулі даму биігіне шық­қа­ны белгілі. Бұл үрдістен Ақмола облы­сы­ның экономикасы да сырт қал­ған жоқ. Соңғы 10 жыл­да өңір­дегі өнім өндіру көлемі 6,8 есеге өсіп, 562 миллиард теңгеге жетті. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі 640 доллардан 5200 долларға немесе 8 есеге артты. Мемлекеттік үде­ме­лі индустрия­лық-инновациялық даму бағдар­ламасын жүзеге асы­ру ая­сында өнер­кәсіп өнім­дері­нің кө­ле­мі 175 миллиард тең­геге жетіп, 2009 жылмен са­лыс­тырғанда 46 миллиард теңге өсімді қамтамасыз етті. Индус­трия­ландыру картасы шең­бе­рін­де 2010 жылы жалпы құны 74 миллиард теңге болатын 14 ны­сан пайдалануға берілді. Ақ­мо­ла облысының алтын өн­діру кә­сіпорындарында Қазақ­стан­да тең­­десі жоқ технология қол­да­ны­ла бастады. Былтыр «Ал­тын­тау – Көкшетау» алтын айыру фабри­ка­сында 4 тонна алтын өн­дірілсе, биыл 15 тон­налық дең­гейге қол жеткізетін жобалық қуат іске қо­сылмақ. Ал бұл өз кезегінде Ақ­мо­ла об­лысының ал­тын өндіруде рес­публи­камыз­да бірінші орын­ға шығуына, Қа­зақстанның әлем­дегі алтын өн­діретін жетекші 15 мем­лекеттің қатарына қо­сылуына мүм­кіндік береді. Үдемелі индустриялық-ин­но­­ва­­циялық бағдарлама аясын­да ақ­молалықтар Астананың азық-түлік белдеуін жасау мақ­сатында 1 жыл ішінде жалпы құны 7 миллиард теңгені құ­рай­­тын 13 жо­ба­ны жүзеге асыр­ды. Облы­сымыз өткен жылы 96,5 мың тонна ет, 453 мың тонна сүт, 443 миллион дана жұмырт­қа өндіріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз етуге өлшеусіз үлес қосты. Әрине, тәуелсіздік жыл­да­рын­­да қол жеткізген жетістіктерді баян­ды ете отырып, демо­кра­тия­ны дамытуда жергілікті өзін-өзі басқаруды жақ­сартудың көп ма­ңызы бар. Бұл ретте облыстық мәс­лихаттарға жүкте­летін жауапкершілік жү­гі зор. Себебі, адам­­дар­дың күнделікті тұр­мыс-тірші­лі­гіне қажетті жай­лардың бәрі жер­гілікті жерлерде шешіледі. Сон­­дықтан облыстық мәс­ли­хат­тың жұмысын өскелең талап дә­ре­жесіне көтеріп, жергілікті жерлердегі өкілетті ор­ган­­дар­дың беделін арттыру осы 20 жыл ішінде жүріп өт­кен жолы­мыздың ас­қар­лы белесі болмақ. Бұл мақсатта жергілікті жерлерде атқарылып жат­қан жұмыс ауқ­ы­мы айтар­лық­тай. Оған Ақмола облыс­тық мәслихатының атқарып жатқан жұмыстары да ай­шық­ты дәлел болса керек. Биыл тәуелсіз­дігіміздің 20 жыл­дығы ел өмірін­де елеулі де ерен оқиға ретінде аталып өтіледі. Біз үшін бұл – тек мерей­той­лық оқиға ғана емес, сонымен бірге, жетістігімізді де, кемшілігімізді де саралап, бола­шақ­қа тұғырлы бағдар жасайтын шешуші кезең. Ендеше, «жұ­мыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, барлық қазақстан­дық­тар болып жарқын болашақ жолында жасампаз еңбекке жұмылайық. Өмірсерік МҰСАБАЕВ, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы. Көкшетау.