• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Сайлаушылар белсенділігіне берілген баға

419 рет
көрсетілді

Астанадағы «Рамада Плаза» қонақүйінде бірқатар шетелдік бай­қаушылардың қатысуымен бри­финг өтті. Журналистермен ал­ғашқы болып, Румынияның Ха­лық­аралық қатынастар және эко­номикалық зерттеулер институ­ты­ның директоры Антон Караджи кездесті. «Ең біріншіден, мен Қазақстан халқын халықаралық байқаушы ретінде елдегі сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Біз сайлау үдерісі кезінде олар­дың демократиялық қоғам құр­ғы­сы келетін күш-жігерлерін айқын көргендей болдық. Ел азаматта­ры­ның демократиялық қоғамдағы сайлауға ашық түрде қатысуға бет алғандығы қуантты. Сайлауды ұй­ымдастыру –  кез келген де­мо­кра­тиялық қоғамның негізі. Мен өзі­міздің делегация өкілдері аты­нан кезектен тыс перзиденттік сай­лау үдерісіне қатысуға Қазақ­станның Сыртқы істер министрлігінен арнайы шақырту алғанымыз үшін ризашылық сезімімді білдіремін. Біз Астана, Алматы қала­ла­ры мен Оңтүстік Қазақстан өң­ір­леріне барып, ондағы дауыс беру үде­рісін бақыладық. Делегация «Қа­зақстанның заңнамалық жүйе­сі, «Сайлау туралы» заңы, Конс­титуциясы, заңнама ережелері сай­лау кезінде халықаралық стан­дартқа қаншалықты сай келеді?» деген мәселелерді басты на­зарда ұстады. Сол үшін біз өз мис­сия­мызды саяси науқаннан күн ілгері бастап кеттік. Байқау мерзімі би­ылғы жылдың 27 ақ­паны мен 28 наурызы аралығында өтті. Кейін біз өзіміздің көрген-түйгенімізді, жүргізген зерттеулерімізді ал­дын-ала дайындалған есепке енгіздік. Ел ішінде түрлі пікір­лердің орын алуына қара­мас­тан, Қазақстандағы сайлау қа­лып­ты деңгейде өтті», деді Антон Караджи. Ол сондай-ақ, Қазақ­станда өзін президенттікке ұсын­ған үм­іт­керге міндетті түрде қа­зақ тілін еркін меңгеру талабы қойыла­тын­дығын атап өтті. Ол қазақ тілін меңгеру деңгейін ан­ық­тайтын арнайы тестінің ЕҚЫҰ, Еуроодақ елдеріндегі сайлауларда да міндетті түрде енгізілуін жақ­тап, қол­дау көрсететіндігін, ал Қазақ­стандағы сайлау жүйесінің мұн­дай ерекшелігіне көңілі тола­тынын жеткізді. Швейцариядан келген байқау­шылар миссиясының өкілдері – Демократия және коммуникация жөніндегі швейцариялық инсти­тут­тың директоры Питер Штауб және Швейцариядағы Тәуелсіз сая­си институттың директоры Георг Добровольный да өздерінің сайлау жүйесіне қатысты ой-пайымдарын ортаға салды. Демократия және коммуникация жө­нін­дегі швейцариялық институт­тың директоры Питер Штауб өзі­нің сайлауға алғаш рет байқаушы ретінде қатысқанын, өзіне Қазақ­стандағы дауыс беру үдерісіне қатысқан азаматтардың белсенділігі айрықша әсер еткенін атап өтті. Ол өздерінің 6 сайлау учаскесіне арнайы барғандарын, ол жерлерден ешқандай заң бұзу­шы­лықтар мен кедергілерді, тосын жәйттерді байқамағандарын жеткізді. «Егер, сын түріндегі пікіріммен бөліссем, сайлау үдерісіне берілген уақыт өте аз болған­дықтан, оппозициялық партия­лар­дың сайлау науқанына дайын­да­лып, өз тараптарын жан-жақты, бірден назарға ілінетін бағдар­ла­маны әзірлеуге, өздерінің үгіт-на­сихат жұмыстарын жеткілікті мөл­шерде жүргізулеріне уақыт­та­ры жетпегендей көрінді», деді Питер Штауб. Ал Швейцария­д­а­ғы тәуелсіз саяси институттың ди­ректоры Георг Добровольный өз елдерінде де сайлаулар жиі өтіп тұратынын, алайда ондағы сайлаулар негізінен Конститу­ция­ға өз­гертулер енгізуге қатысты өткізі­ле­тінін, алайда, ол елде Қа­зақ­стан­дағыдай көп сайлау учаскелері жоқтығын, сондай-ақ, ха­лық та саяси науқанға белсенді түр­де қатыспайтынын тілге тиек етті. Австрия байқаушылары деле­га­циясының мүшелері – Қазақ­стандағы «Австрия авиалиния­ла­ры» компаниясының экс-бас менеджері, «Аламан Консалтинг» компаниясының кеңесшісі Кристиан Виммер мен Австрияның ТМД елдері бойынша Федералды экономикалық палатасының ке­ңес­шісі Гюнтер Рихтер Қазақ жеріндегі сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталып, әсіресе, жастардың бел­сенділігі айрықша байқал­ға­нын тілге тиек етті. «Біздің елде көп жағдайда егде, қарт адам­дардың дауыс беру үдерістерін байқар едіңіздер. Сондықтан, осы мәселе тұрғысынан алғанда, сіздерді құттықтағымыз келеді», деді Гюнтер Рихтер мырза. Сон­дай-ақ, ол демократиялық өлшем­ге негізделген сайлау үдерісін өт­кізу үшін Қазақстанның халық­аралық ұйымдармен арада жақсы әріп­тестік байланыс орнатқанын атап өтті. Шетелдік байқаушылармен бол­ған брифингтердің ішінде АҚШ сараптамалық қоғамдастығы де­ле­га­циясы өкілдері, атап айт­қан­да, «Salans» компаниясының са­рап­шысы Артур Рэндольф Брегман, «Джеймустан» қорының аға сарапшысы Владимир Сокор, АҚШ-тың католик универ­сите­тінің профессоры Сергей Грецкий, Стратегиялық және халық­аралық зерттеулер орталығы Жа­ңа еуропалық демократия бағдар­ла­масының директоры Януш Бугайски, Гудзон институтының аға қызметкері Ричард Вейтс, Инвестиция және салық жөніндегі ха­лықаралық орталықтың президенті Дэниел Алан Витт айтқан пікірлер мен түйіндеген ой-бай­ламдар көкейге қонымды шықты. Мә­се­лен, Инвестиция және са­лық жө­ніндегі халықаралық ор­талық­тың президенті Дэниел Алан Витт соңғы 4 күн ішінде елдегі сай­лау үдерісін бақылау бары­сын­да көп жәйтті ой елегінен өт­кізіп, көп нәрсеге қанық­қандарын жеткізді. Ол делегация өкілде­рінің, ең ал­дымен «Елдегі сайлау науқаны халықаралық стан­дартқа қанша­лықты жақын ке­леді? «Би­ылғы сайлау үдері­сін­де бұрынғы сайлаулармен са­лыс­тырғанда ілгерілеушілік байқала ма?», – деген са­уалдарға жауап іздеуге ты­рыс­қандарын атап өтті. «Біз 30 наурыз мен 3 сәуір күн­дері ара­лығында 9 саяси партия­ның лидерлерімен және өкілдері­мен, сай­лау комиссиясы мүшеле­рімен кездестік. Сайлау болған күні біздің делегация өкілдері Қара­ғанды, Павлодар, Ақмола және Алматы облыстарындағы, сон­дай-ақ, Алматы мен Аста­на­дағы сайлау учаскелеріне барды. Дауыс беру үдерісін бақылау үшін 65 сайлау учаскесін арала­дық. Бір атап өтерлігі, халықтың сайлауға қатысуы – олардың ұлт­тық тұ­рақ­тылық пен ел қауіп­сіз­дігін сақ­тауға деген ниетін бай­қадық», деді ол. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.