• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

100 ойын = 1 ойын

669 рет
көрсетілді

Нидерландтық Үлкен Питер Брейгел деген суретші 1560 жылы «Балалар ойындары» атты картинасын дүниеге әкеліпті. Құдай-ау, ана картинада балалардың жыбыр-жыбыр қимылын көргенде, ойынның көптігіне еріксіз таңдай қағасыз. Зерттеушілердің есептеуінше, суретші картинасында 200-ге жуық ойын баласын бейнелеген көрінеді. Ойын түрінің өзі 100-ден асып жығылады. Картина құдды төрткүл дүниеде қанша халық бар, солардың ойын түрлерінің энциклопедиясы іспетті. Әрине, ә дегеннен сіздің ойыңызға «қазақтың қандай ойыны бар?» деген сауалдың сап ете қалатыны сөзсіз. Саспаңыз, Брейгеліңіз асық ойынын да әдемі бейнелепті. Кезінде «ойының осылғыр» дегенді үлкендер жағы ойынның қызығына беріліп, дер кезінде үйге келе қоймаған балаларға қарата айтқан болуы керек. «Ойыны осылғанның» көкесін адамзат баласы енді бастан өткізіп отырған тәрізді. Брейгел бейнелеген бес ғасыр бұрынғы ойындарыңыз әдіра қалды қазір, бүгінгі «игроманияның» қасында олар жіп есе алмайды. Ойнап жүр деген аты ғана, баланың көзі де, көңілі де ғаламторға біржола байланған. Балаларды жүгіріп, секіріп, жасырынып ойнайтын алуан түрлі ойынмен алдарқата алмайсыз, оларды бір-ақ ойын арбап алған. Интернет-ойын. Қысқасы, «игроманияңыз» тоғыз балдық сілкініске бергісіз күшпен ХХІ ғасыр балаларының санасын солқылдатып, күндіз-түні улап жатыр. Ойын емес, опат. Ал «Көк кит» деген ойыныңыз тіпті өрендерді өлімге мәжбүрлеп, сорлатып-ақ тұр. Осылайша, бір-ақ ойын – интернет-ойын ұрпақтың болашағын бүлдіретін түрі бар... Журналист пен Суретші