• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2011

Бүгінгі міндет – тасқынға тосқын қою

322 рет
көрсетілді

Иә, бұған дейін хабарлаға­ны­мыздай бүгінгі күні Орал өңірі­нің тұрғындары төтенше жағдай ахуалын бастарынан кешуде. Жа­йықтың бойын жайлаған қалың елдің күндіз-түні ұйқы көрмей жүргеніне де он күнге таяды. Қа­зір республиканың Төтенше жағ­дайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне қарасты құры­лым­дардың барлық күш-жігері мен техникалық мүмкіндіктері тас­қын суды ауыздықтауға, оған тосқауыл қоюға бағытталған. Әйтеуір, көңілге медеу тұ­тар­лық жәйт Жайық өзеніндегі жеті метрден асып түскен су деңгейі кеше күндізгі сағат екідегі мәлі­мет бойынша отыз үш сантиметрге тө­мен­деді. Бұл деректің өзі алда кү­тіл­ген зардабы зор қауіп­тің сәл де болса сейілгенін көр­се­теді. Сон­дай-ақ Ресейдегі Саратов облысы Дарғаш ауданы ау­мағынан бастау алған көктемгі жойқын жайылма су Қараөзен ар­қылы Жалпақтал ауы­лына қауіп төндірді. Казталов ау­да­ны жұрт­шылығы онымен он күн ар­па­лы­сып тасқын суды Қара­су ауылы бағытына қарай бұра алды. Ал дәл бүгінгі күні облыс­тағы ең қауіпті нүкте Ақжайық ауда­нындағы Алғабас, Қарағай және Бесоба ауылдары болып отыр. Аталған елді мекендер жан-жақтан қоршаған жойқын тасқын судың ортасында қалды. Қауіп-қатер ошағындағы тұрғындарды құтқару жұмыстарымен Төтенше жағдай­лар министрлігінің МИ-8 тікұшақ­тары атқаруда. Оған Төтен­ше жағ­дай вице-министрі Валерий Петров басшылық етуде.  Облыстағы жер биігі Тасқала ауданында тіркелген. Бұл өңірді де су қаптағанын бұған дейін жазған едік. Су биіктен еңіске қарай ағатыны айтпаса да белгілі. Сол биігіміз – Тасқала, еңісіміз Алғабас болып тұр қазір. Бұл аймаққа кешелі-бүгін жер қазатын, то­пырақ үйетін қуа­тты тех­ни­­калардың үлкен колоннасы аттан­дырылды. Өйт­кені, жергілікті тұрғын­дар қолдан жаса­ған бө­геттерді жой­қын су алды-ар­тына қа­­ратпай шайып кетіп жатыр. Жо­ғарыдан, яғни Тасқала ауданы тұ­сынан ағындаған су мөлшерінің азаятын түрі көрінбейді. Керісінше көбейіп барады. Кеше облыс әкімдігінің мәжі­ліс залында өткен жедел кеңесте облыс­тық ішкі істер департа­менті­нің бас­тығы Арман Жал­мұ­ханбетов сот-медициналық сараптау нәтиже­лері бойынша суға ба­тып көз жұм­ған екі ер адамның жансыз денелері «Зенит» және «Яблонка» саяжай учаскелерінен табылғанын мәлім­деді. Қайтыс болған азаматтар­дың екеуіне де төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері алда кү­тілген тас­қын су аумағында қалу­ға мүлдем болмайтыны жөнінде алдын ала ескертулер жасаған. Әрі бұл арадан шұ­­ғыл кетулерін талап еткен. Соған қарамастан олар саяжай­лары­нан қоз­ғалмаған. Оның біріншісі өз мүл­кін күзетіп қалу жәй­тін алға тартса екіншісі саяжайдағы кептерлерін азық­тан­дыратынын айт­қан. Қазіргі күні бұл азамат­тар­дың қаза болуының анық-қанығы одан әрі анықталып зерттелу үс­тінде. Бұл жөніндегі тиісті деректерді қосым­ша хабар­лай­тын бола­мыз, деді  жергілікті ішкі істер ведомствосының басшысы. Орал қаласы мен оның ма­ңын­да тасқын су ортасында иесіз қал­ған үйлер мен коттедждердің жә­не сая­бақтардың алды құлап та жатыр. Келген су ешқайда ақпай­тын тұйық суға айналуда. Міне, осы су үй­лер­дің терезелерінің жо­ғар­ғы жақтау­ла­ры­нан төмен­дей­тін түрі көрін­бейді. Бұл көрі­ністер өңірде са­нитарлық-эпиде­миологиялық жағ­дайлардың күр­де­леніп кетуіне әке­ліп соқтырып жүрмей ме? Кө­ңілді күпті қылған осы сауалды  Ден­саулық сақтау министрлігі Мем­­лекеттік сани­тар­лық-эпиде­мио­ло­гиялық қада­ға­лау комитеті Батыс Қазақстан об­лысы бо­йынша де­партаментінің директоры Серікбай Иманқұлға қойған едік. – Қазір өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қа­лып­ты деуге болады. Бүгінгі күні тасқын судың келуіне бай­ла­нысты қандай да бір болмасын жұқпалы аурулар түрлері тіркелген жоқ. Дегенмен, жаз шығып келеді. Жазбен бірге шыбын-шіркейлер мен маса қап­тай­т­ынын да жақсы білеміз. Мұн­дай көрініс әсіресе су мол болған жыл­дары жиі кездеседі. Сол ке­зең­ге де алдын ала әзір­ліктер жасау үс­тіндеміз. Дәл бү­гінгі күні біз әсі­ресе ауыз су са­пасын әр күн сайын жан-жақты тексеріп отыру­ға мән беріп отыр­мыз. Осы мақ­сат­та аз уақыттың ішінде 300 рет өңірдің әр ай­ма­ғынан сы­на­ма­лар алынды. Тас­қын судың зар­­дабын шегіп бас­па­насыз қалған мың­да­ған тұр­ғын­дар Орал қа­л­асындағы мек­тептер мен ар­на­йы бөлінген ғи­мараттарға ор­на­лас­­тырылды. Олар­­ға берілетін та­мақтың са­па­сын са­ни­тар­лық дә­рі­герлер жіті қадағалап отыр. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. ______________________ Суреттерді түсірген: Рафхат Халелов.