• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2011

Өңірлік индустрияландырудың ту ұстаушысы

464 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан  облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен сұхбат – Бердібек Мәшбекұлы, елі­міздің индустрияландыру кар­та­сы­на Шығыс Қазақстан облы­сы­нан қанша жоба енген? Олардың жобалық қуаты мен орындалу мерзімі қандай? Қанша адамды жұмыспен қамтиды? – Қазақстан Республикасын үде­мелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағ­дар­лама шеңберінде облыста инвес­ти­ция­лық портфель қалыптасты­рыл­ған, оған жалпы сомасы 493,3 млрд. теңге құрайтын 29 инвестициялық жоба кірді, оның ішінде 8 жоба республикалық индустрияландыру картасына енгізілді және 21 жоба өңірлік картаға кірді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 10600 жұ­мыс орындары құрылады. – Өткен жылы Шығыс Қазақ­стан облысында қандай жаңа жо­балар жүзеге асты? Олардың кей­біреуінің еліміз бен облыс эко­номи­касындағы маңызына тоқталсақ. – 2010 жылы индустрияландыру картасының 12 жобасы іске асы­рылды. Оның ішінде бірінші жар­тыжылдықта Семей қаласынан қуат­­тық және бақылау кабельдерінің өн­дірісін құру туралы құны 753 млн. теңгенің инвестиция қаржы­сын қамтитын бір жоба 2010 жыл­ғы 28 маусымда Мемлекет бас­шы­сының қатысуымен өткен теле­көпірде іске қосылды. Сондай-ақ екінші жартыжыл­дықтың қорытындысы бойынша жал­пы сомасы 138,1 млрд. теңге құ­райтын 11 инвестициялық жоба іске асырылды. Соның ішінде “Жа­ңа металлургия” жобасы аталатын Өскемен металлургиялық кешені­нің мыс балқыту және электролиз зауыттарының құрылысын ерекше айтуға болады. Жобаға тапсырыс беруші облысымыздағы жүйе құрушы ірі кәсіпорындардың бірі «Казцинк» ЖШС. Жобаға салынған инвестиция көлемі 113 179 млн. теңгені құрады. Ол кәсіпорындағы таза мыс өндірісін жолға қойып, оның қуаттылығын жылына 70 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өнім түгелге жуық экс­портқа бағытталады. Мемлекеттің ресурс үнемдеу жөніндегі алға ұстаған саясатының талаптарына жауап бере алатын­ды­ғы, өндіріске жаңа технологияны ен­гізгендігі, таза металл өндіруге негізделгендігі жүзеге асқан жоба­ның маңызды екендігін көрсе­теді. Сондай-ақ осы жобаны іске асы­ру нәтижесінде күкірт диокси­дінің шығарындысы жылына 13 мың тоннаға дейін азайтылады. Яғни ол экологиялық жағынан да алға басу болып табылады. Ал «Өскемен титан-магний ком­бинаты» АҚ тапсырысы негізінде салынған «Титан құймаметалдары мен қорытпалары зауыты» құрылы­сына 12 300 млн. теңге инвестиция жұмсалды. Жоба Қазақстанға шикі­зат өндіруден бастап титаннан дай­ын өнім шығаруға дейін толық кі­ріккен технологиялық цикл құруды аяқтауға мүмкіндік береді. Титан мен титан өнімдеріне сұраныстың өскен жағдайында 2010 жылдан бас­тап «Өскемен ТМК» рынокқа титан құймаметалдары мен қорыт­паларын, соқпалар, табақтар, жай­малар, құбырлар жеткізетін болады, қажет жағдайда титанды экспортқа шығара алады. Жаңа өндірістің қуат­тылығы жылына 11 000 тонна титан құймаметалдары мен қорыт­паларын өндіруге жетеді. Бұл жы­лына 19 800 млн. теңгенің өнімдері алынады деген сөз. Олардың бар­лығы экспортқа бағытталады. Облыста жүзеге асқан индус­трия­лық-инновациялық бағыттағы тағы бір жобаның негізінде «Каз­цинкмаш» кәсіпорны техникалық тұрғыдан қайта жарақтандырылды. Осы іске 5 972 млн. теңге инвес­ти­циялық қаржы жұмсалды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңа бағдарламалық өнімдер өндірілетін болды. Кәсіпорында инновациялық технологиялар бөлімі құрылып, ол өндірісті техникалық тұрғыдан даяр­лаумен айналыса бастады. Ста­ноктар операторлары секілді жаңа жұмыс топтары пайда болды. Қа­жетті бөлшекті бір станокта егеу, бұрғылау, жону және ыспалау опера­циялары біріктіріле отырып, техноло­гиялық операциялар мен өңдеу саны қысқартылды. Өндірілетін өнімнің сапасын және еңбек өнім­ділігін арт­тыруға, сондай-ақ зиянды өндірістік факторларды азайтып, жұ­мыс­шылар­дың еңбек жағдайын жақ­сар­туға мүм­кіндік беретін жаңа тех­нологияларды игеру қолға алынды. Электрқоз­ғалт­қыштарды жиілікпен рет­теуші жаб­дықтар сатып алу есе­бінен электр қуатын тұтыну көрсеткіші төмендеп, оны үнемдеу ісі жүзеге асты. Сондай-ақ «Ядролық технология­лар паркі» АҚ-та «Радиациялық тігіл­ген полиэтилен және жылу сақтайтын жеңдер мен ленталар өндірісін құру» (“Kazfoam” ЖШС. Инвестиция көлемі 1 998 млн. теңге) жобасының іске асы­рылуы Қазақстанның мұнай-газ секто­рын, құрылыс кәсіпорындарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық­тарының заманауи оқшаулау материал­дарына деген сұраныстарын қамтама­сыз етуге, артылғанын басқа елдерге экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Ал Өскемен полиэтилен құбырлары зауы­тының ашылуы еліміздің ішкі рыногын аталған өнімдермен қамтуды көздейді. Себебі оның өнімнің 90 пайызын еліміздің ішкі рыногына, тек 10 пайызын ғана сыртқы рыноктарға бағыттау көзделіп отыр. Бұл зауыт азаматтық және өнеркәсіптік нысан­дарды диаметрі 25 мм.-ден 250 мм. дейін, қысымы 16 атмосфераға дейін төзімді полиэтилен құбырларымен қам­тамасыз ететін болады. Семей, Өскемен қалаларынан көк­өніс сақтау қоймаларының салынуы­ның, Семейден «Беларусь-3022ДЦ.1» тракторын құрастыру өндірісінің» іске қосылуының да осы өңір және еліміз үшін өзіндік маңызы бар. Оларды іске асыру тұрғындарды маусымаралық ке­зеңде көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, қала базар­ла­рындағы бағаның төмендеуіне оң әсе­рін тигізеді. Трактор құрастыру өнді­рісі еліміздің ауылшаруашылық техни­ка­ларымен қамтылуын жақсарта түседі. «Өскемен арматура зауыты» АҚ-тың өндірістік қуаттарын жаңғырту, өн­дірілетін өнім номенклатурасын ке­ңей­ту» жобасының да маңызы зор. Оған 3 000 млн. теңге инвестиция жұмсалды. Аталған жобаны іске асыру ая­сында жоғары сапалы өнім өндіріліп, мұнай-газ өнеркәсібі секторы үшін арматура жеткізілетін болады. Бұл ар­матура зауыты 30 жылдан астам уақыт­тан бері Қазақстанның мұнай-газ сала­сында алдыңғы қатардағы машина жасау кәсіпорны ретінде танылып кел­ген болатын. Оның өнімдері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде, Ресейде, ТМД мемлекеттерінде, сон­дай-ақ алыс шет елдерде жақсы таны­мал. Енді осы кәсіпорынның қайта жаң­ғыртылуы оның жұмысына жаңа серпін беріп, ісін ілгері бастыра­тын­дығы анық. Жалпы, жоғарыда аталған 12 ин­вестициялық жобаны пайдалануға ен­гізу нәтижесінде 2011 жылы облыста 97,3 млрд. теңге сомасында қосымша тауар өнімін алып, 1,5 мың жаңа жұ­мыс орындарын құру мүмкіндігі туа­ды. Мемлекет бюджетіне түсетін салық төлемдерінің болжамды көлемі 7 млрд. теңгеге артады. – Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша биыл­ғы жылы қандай міндеттер алға қойылып отыр? – 2011 жылда жүзеге асырылатын жобалар арасында 1 жобаның – Өске­мен қаласындағы «Шығыс-сүт» ЖШС-інде құны 1403 млн. теңге тұратын уль­тра­пастерленген сүт өндірісін ұйым­дастыру жобасының пайдалануға бері­лу мерзімі үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленіп отыр. Қалған жобалар екінші жартыжыл­дықта іске қосылады. Олардың ара­сында Жарма ауданының Шар қала­сынан «құрғақ тәсілмен» жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт са­лынады. Құны – 19500 млн.теңге тұратын бұл зауытты “Казахцемент” ЖШС іске қосады. Биылғы жылы Өскемендегі «Шы­ғыс­машзауыт» АҚ-та болат вагондары өндірісі құрылса (жобаның құны – 6391 млн.теңге), «Казцинк» ЖШС-інде кен байыту фабрикасында қайта құру жұмыстары жүргізіледі (Риддер қаласы, жобаның құны – 5081 млн.теңге). Тишин кенішінің кен көлемін арттыру үшін оның тө­менгі қабатта­рын игеру жобасы іске қосылады (Риддер қаласы, жо­ба­ның құны – 350 млн. теңге). Мы­рыш өндірісі қайта құрылады (Риддер қаласы, жобаның құны 1294 млн. теңге). Ал енді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жобаларына келетін бол­сақ, Семей қаласында «ДРК» ЖШС базасында құны 540 млн. теңге тұ­ра­тын, қуаты жылына 32190 тонна ұн тартуға жететін диірмен кешені салынып, пайдалануға беріледі. Ше­монаиха ауданында құны 376,8 млн.теңге тұратын, қуаты жылына 30 мың тонна майлы және бұршақ дақылдарын өндіру, қайта өңдеу ісімен және өсімдік майы, ұн-жарма және қоспа-жем өндірісімен айна­лы­сатын кәсіпорын құрылады. Мұны «Триумф Агро» ӘКК жүзеге асырады. Сондай-ақ «Семей тері-был­ғары комбинаты» Семей қала­сын­да мал терісін тереңдетіп өңдей­тін және бәсекеге қабілетті тері өнімдерін, тон-былғары өнімдері мен олардан аяқ киімдер тігіп шығаратын аумақ­тық орталық құрады. Жобаның жал­пы құны – 9 275,9 млн. теңге. 1-ші кезеңінде былғары өндірісін қайта құру және жаңғырту жұмыс­тары биыл жүзеге асады. Жалпы, биылғы жылы облыста 10 үлкен жоба іске қосылады. – Облыста таяудағы жылдар­дың ішінде жоғарыда айтылған­дардан басқа тағы да қандай ма­ңызд­ы жобалар жүзеге аспақ? Со­ның ішінде түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, машина жа­сау, автокөлік өнеркәсібі сала­ла­рын дамытудың қандай мүм­кін­діктері бар? – Таяу болашақта, яғни 2015 жылға дейін еліміздің индустрия­ландыру картасы аясында тағы да 7 үлкен жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың жалпы құны 310,1 млрд. теңгені құрайды. Олар­дың ішінде неғұрлым ірілеріне келетін болсақ, «Қазақмыс» корпора­циясы» ЖШС Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысын осы ке­зең ішінде аяқтамақ. Ал Өске­мен­дегі «Азия-Авто» АҚ толық цикл­дегі автомобиль зауытының құры­лы­сын іске қосса, «Ромат» фарма­цевтикалық компаниясы» ЖШС медициналық дәрі-дәрмек зауыты­ның құрылысын жүргізіп, қайта жарақтандырады. «Бұғаз» ЖШС Ала­көл көлінің жағасынан курорт-санаторий мейманханалар кешенін іске қосады. «Өскемен құс фаб­рикасы» АҚ қазіргі жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының қуатын кеңейтіп, оны жылына 20 тонна ет өндіруге дейін жеткізеді. Мұның сыртында «Кызыл Голд» компаниясы 2013 жылға дейін жо­ба­лық құны 125,8 млрд. теңге тұ­ра­тын Бақыршық тау-кен кәсіпорны­ның құрылысын жүзеге асыруды жоспарлауда. Қазіргі таңда бұл жоба жайында салалық қорытынды алынған, жобаны республикалық индустрияландыру картасына енгізу туралы қаулы Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметінде жатыр. Бұл жоба бойынша жылына 11,5 тонна алтын өндіру көзделеді. Сонымен қатар «Шығыс Қазақстан облысын­да жаңа технологиялар қолдану ар­қылы Суғат алтын кен орнын игеру («Секисовка ГБП» ЕЖШС) мәсе­лесі қарастырылуда. Бұл жобаның құны 1.5 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазіргі күні облыста біздің ин­дус­триялық дамуымызға тың серпін бере алатын жаңа жобаларды қарастыру және оларды әзірлеу жө­нінде жұмыстар жүргізілуде. Уақыт өткен сайын біз алдағы уақытта жүзеге асыра аларлықтай тың істер бас көтеруде. Сондықтан біз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне индустрияландыру кар­та­сына Шығыс Қазақстан облы­сы­нан 8 инвестициялық жоба енгізу жөнінде ұсыныстар жолдадық. Олар оң шешімін тапқан жағдай­да облыс­тағы индустрияландыру ісінің ауқы­мы әлдеқайда кеңи түсетін болады. – Әңгімеңізге рахмет.  Әңгімелескен Сұңғат ӘЛІПБАЙ.