• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2011

Қылмысқа тосқауыл – ортақ іс

655 рет
көрсетілді

Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйы­мына мүше мемлекеттер Бас про­курор­ла­ры­ның тоғызыншы отырысы болып өтті. Халықаралық беделді ұйым­ның құрыл­ға­нына он жыл толуы қарсаңында ұйымдас­ты­рылған бұл жиынның жұмысына алты елдің (Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғыз­стан, Тәжікстан, Өзбекстан) қадағалау ор­ган­дарының басшылары қатысты. Форум­ның күн тәртібіне терроризм мен экстре­мизм­ді қаржыландыру көздері­нің бірі – есірткі заттары мен қару-жа­рақ­тың кон­тра­бандасына, адам саудасына қарсы әре­кет ету сияқты өзекті мәселелер қойылып, кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді өз мемлекетіне қайтару бойынша бірлескен әрекеттер туралы да сөз болды. Халықаралық деңгейдегі басқосуды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Қазақстан Респуб­ли­касының Бас прокуроры Асхат Дауыл­баев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас про­курорлары арасында өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық байланыстар уақыт өткен сайын жетіле түскендігін атап айтты. Шын мәнісінде де оған нақты фактілер, деректер жеткілікті. Мәселен, Бас прокурордың пікірінше, өткен жылы және биылғы жыл­дың төрт айында Қазақстан ШЫҰ елдеріне 135 қылмыскерді ұстап берген. Ал олар­дың арасында 21 адам терроризм, есірткі бизнесі және адам саудасымен айналысқа­ны үшін айыпталған. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деп халық даналығында айтылғанындай, қай салада болмасын бірлесіп атқарылған істің нәтижелі болатындығы айдай ақиқат. Мұн­дай маңызды мәселе, әсіресе, қыл­мыс­тық іс-әрекеттерге қатысты болса, ондағы талап та, жауапкершілік те арта түспек. Жасыратыны жоқ, Орталық Азия елдері қазіргі кезеңдегі қауіп-қатерлермен күрестің алдыңғы шебінде, сондықтан да жиынға қатысушы қадағалау органдары басшыларының осы күрделілік төңіре­гін­де тәжірибе алмасуының қажеттілігі мол. Қырғызстанның қылмыстық кодексіне есірткіні сақтау мен таратудың алдын алу және бұл бағыттағы жауапкершілікті кү­шей­ту туралы қосымша баптың енгізі­луі­нің маңызы зор болды. Соның нәти­же­сін­де өткен жылы сегіз тоннадан астам есірткі тәркіленіп, есірткі тасымалына қатысты 1400-ге жуық іс сотқа жолданған. Тәжікстан құқық қорғау органдары бұл бағыттағы ауқымды операцияларды ресейлік және ауғандық арнаулы қызмет органдарымен бірлесіп атқаруда. Сала бас­шыларының пікірінше, «есірткі тасы­ма­лы­на және өзге де қылмыстық әрекеттер жөнінде тұрғындар арасында түсінік­те­ме­лік әңгімелер жүргізудің берері мол». Бү­кіләлемдік деңгейдегі алапат қауіп-қатерге айналып отырған – терроризм, сепаратизм және экстремизмнің әрбір мем­лекеттің сая­сатына, экономикасы мен тұрақты­лы­ғына да айтарлықтай зиян шектіретінін Қытай Халық Республикасы Жо­ғарғы ха­лықтық прокуратурасы бас про­ку­рорының орынбасары Кэ Ханьмин баян­да­ды. Мұ­ның барлығы халықаралық ұйым­дас­қан қылмыстық топтармен, есірткі кон­тра­бандасымен, сондай-ақ қару-жарақпен тығыз байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Қытайда, сонымен қатар, адам саудасымен, трансұлттық қылмыспен кү­рес көбейе түскен. Оны мұнда соңғы жыл­дардағы әйелдер мен балалар саудасына қа­тысты екі мыңнан астам адамның қыл­мыс­тық жауапкершілікке тартылғаны көрсетеді. Қылмыстық жолмен алынған кірісті өз еліне қайтару бағытындағы бірлескен мін­деттердің шешімін іздеу – халықаралық фо­­румның күн тәртібіндегі өзекті мәсе­ле­лер­дің біріне айналды. Оның өзіндік себептері де мол. Өйткені, заңсыз кірістерге қарсы әрекет тиімділігін арттыру тетіктерін енгізу, сонымен қатар, заңсыз активтерді қайтару бағытындағы ықпалды шара қылмысқа тосқауыл қоя алады. Қазақстан Республикасының Бас проку­ро­ры Асхат Дауылбаев қылмыстық кірістерге байла­нысты шетелдік әріптестердің сауал­да­ры­на нақты мысалдармен жауап берді. Сонымен трансұлттық ұйымдасқан қыл­мысқа, терроризмге, экстремизмге, есірт­кі бизнесіне және адам саудасына байланысты қылмыстық істер бойынша ұстап беру және құқықтық көмек көрсету мәселелері өздерінің одан әрі дамуына бағыт алды және бас прокурорлар бұл мәселелерді ба­сымдық сипатқа ие талқылауларда қарауға шарт жасасты. Қылмыстық жолмен алын­ған кірістерді өз еліне қайтару мәселе­лерін шешуде кеңеске қатысушылар мүд­делілік танытты. Кірістерді жылыстатуға қарсы әрекет ету, сондай-ақ заңсыз активтерді қайтарудың келісілген рәсімдерінің тиімді құралдарын енгізу заңсыз қар­жылық тасқындарды тоқтатуда пәрменді құрал бола алатындығы да атап өтілді. Ха­лықаралық форум қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар трансұлт­тық ұйым­дасқан қылмысқа қарсы күресте өзара  ынтымақтастықты кеңейту жөнін­дегі хаттамаға қол қойды. Бақыт БАЛҒАРИНА.