• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2011

Ламберто Заньер – ЕҚЫҰ Бас хатшысы

303 рет
көрсетілді

Былтыр ғана өз еліміз төрағалық еткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болып италиялық дипломат Ламберто Заньер сайланды. Бұл еуропалық беделді ұйымның өміріндегі айтарлықтай оқиға болумен қатар, жаңа хатшының өміріндегі де үлкен белес. Жалпы, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жеке елдер үшін үл­­кен сенім, үлкен жауапкершілік. Со­ған қа­ра­май, бұл ұйым­ның күн­де­лік­­ті үй­лестіруші жұ­­мы­сын оның бас хатшысы ат­­қа­рады. Оны біздің еліміз ұйым­ға төрағалық еткен кезде айқын кө­ріп, сезіндік. Марк Перрен де Бришамбо біздің елде ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізуге байла­ныс­ты жиі болып, барлық бас­­та­ма­мызға қолдау көр­сетіп отырды. Сол үшін де біз француз дип­ломатының бас хатшылық қыз­метін жоғары бағаладық. Біз ға­на емес, ұйымға мүше барлық ел­дер де аса жоғары қызметті екі мерзім атқарған М.П.де Бришам­боға ла­йықты құрмет көрсетті. Қызмет мер­зімінің 1 шілдеде бітуіне бай­ланысты Вена қаласы­ның Хофбург сарайында қош­тасу қабыл­дауы өтіп, оның тын­дыр­­ған ісіне жан-жақты баға берілді. Бұрынғы адам кеткен соң, ор­нына жаңа адам келеді. Бұл қыз­метке қызыққандар да аз болған жоқ. Оған кез келгеннің де ұмты­ла бермейтіні белгілі. Сөйтсе де, төрт ел өз өкілдерін ұсынды. Тү­рік­тер бұл қызметке Эрсин Эр­чиннің өтуіне күш салды. Оны түрік президенті Абдулла Гүлдің өзі қол­дапты. Австрияның бұ­рын­ғы сырт­қы істер министрі Урсула Плас­никтің беделі де айтарлықтай еді. Ал бұрын Португалия үкіметін басқарған, кейін ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ас­самблеясына төраға болған Жоао Соареш – әлем таны­ған қайрат­кер. Үміткерлер ішінде белгісіздеуі және «үндемесі» БҰҰ-ның Ко­соводағы өкілі қызметін ат­қа­рушы Заньер еді. Күрес біршама жабық жүрді. Біраз ел бұл қызметке Еуроодақ­қа мүше емес елдің өкілі де сай­ланғаны жөн деген ұсыныс жасап, Эрчинге қол­дау көрсеткен­де, оған Армения мен Кипр қар­сы шы­ғып, өткізбей тас­та­ды. Ал бас хат­шы­ны сайлауда консенсус қажет, яғни бір елдің қар­сы­лығы сай­­латпай тастайды. Сөй­тіп, түрік өкілі өт­пей қал­ған соң, таң­дау тағы да Еу­ро­одақ елдеріне қал­ды. Бұл жерде көп­шіліктің қол­дауы Ур­сула Пласникке тоқ­таған. Тіпті оны құттықтаушылар да бо­лыпты. Бірақ Түркия өкілі өз ада­мының өтпегеніне кек қай­тар­ғандай, оның аяғынан шалды. Ке­зінде, министр кезінде Пласник Түркияның Еуро­одаққа өтуі­не қарсы болған екен, бүгін сол алдынан шықты. Жақ­тау­шы – 55, қарсы – біреу. Өтпеді. Рәсім бойынша енді бұрын алдын ала дауысқа салғанда екін­ші орын алған адамның кан­ди­да­турасы ұсынылады. Ол – Заньер. Оны барлық елдің өкіл­дері қол­дады. Бұл жерде қыңыр­лыққа ба­сып, өз өкілі ұсынылған ел қар­­сы шыға берсе, тірлік бол­май­­ды. Онда өз өкіліңді өткізе алмаумен бірге, қыңыр ел ата­насың. Ол – ауыр атақ. Оған ешкім бармайды. Жұртты Соарештей белгілі қайраткердің өтпей қалғаны таң­дан­дырады. Бірақ алдымен ұсы­нылған Заньерді өткізбей тастап, Соарештің кандидатурасы ұсы­ныл­ғанда, оған жұрттың түгел дауыс бере қоюы да екіталай еді. Бұл жерде адами әдеп алға тосылады. Заньердің Соарештен несі кем деген сауал қойылады. Италиялық дипломат Ламберто Заньердің де өз артық­шылығы бар. Оған ЕҚЫҰ жүйе­сі жақсы таныс. 2002-2006 жыл­дары ол бұл ұйым­ның Шиеле­ністердің ал­дын алу орталығы­ның дирек­торы қыз­метін атқар­ған. Бұл бас хатшыдан кейінгі екінші қызмет саналады. Енді бар-жоғы бір-ақ саты кө­терілді десе де болады. Одан кейін де БҰҰ-ның Косоводағы ар­наулы өкілі ретінде өзін көрсете білген. Ынты­мақтас­тықты өз жұ­мы­сы­ның өзегі са­найтын ЕҚЫҰ сияқ­ты ұйымға шиеленісті шешуді кәсіпке айнал­дырған Заньердей қайраткер керек-ақ. ТАИЛАНД: ОППОЗИЦИЯ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ Әңгіме сол әс­керилердің мойын­­дауында. Бұл партия бұрын да билік ба­сын­да болған, тек 2006 жылы әскери хунта үкіметтік төң­керіс жасап, сырт­та іссапарда жүрген заңды премьер-министр Таксин Чинаватты ор­ны­нан алып, елге кіргізбей қойған. Содан бері елде тыныштық жоқ. Билікке қарсы халық үнемі бас кө­теріп жатады. Атап айтар бір жәйт: қарсылыққа шық­қан­дар әрқашан күрестің бейбіт түрін пайдаланды. Қы­зыл жейде киген халық ел аста­на­сы Бангкокте қызыл теңіздей толқи­тын. Содан да бұл қозғалыс «қызыл жейделілер» қарсылығы аталып кетті. Бүгінгі жеңісті сол «қызыл жейделілер» күресінің жемісі деуге әб­ден болады. Былтырғы жы­лы жаз­ға салым билік әскери­лер­дің кө­мегімен көтерілген ха­лық­ты аяусыз басқаны­мен, оны жеңіс деу қиын еді. Сонда бейбіт қарсылыққа шыққандардың 91 адамы қаза тауып, екі мыңдайы жараланған. Сол адамдардың қа­нын мойындарына жүктеу әс­керилерге оңайға түспеді. Иә, халық енді көтерілер болса, оларды басу оңайға соқ­па­сын әскерилер анық аңғарды. Қор­ға­ныс министрлігі атынан генерал Правит Вонгсуван ар­мияның өзі­нің негізгі ісінен бас­қаға аралас­пай­ты­нын жә­не сайлау қоры­тын­ды­сын мо­­йын­дайты­нын мәлім­де­ді. Әс­­ке­ри­­лер ғана емес-ау, со­лар­дың қол­дауы­мен билікте тұр­ған қазіргі премьер-министр Апхисит Ветчачива да өзінің пар­тия­сы – «Таиланд демократия­лық партия­сы­­­ның» жеңілісін мо­йындап, «Пхыа Тха»» партиясын же­ңі­сімен құттықтады. Жеңіске жеткен «Пхыа Тха» («Таиланд үшін») партиясы парламенттегі 500 орын­ның 264-іне ие бо­лып, енді коали­ция­сыз-ақ үкіметті жа­сақтап, өзінің өкі­лін премьер-министр етіп тағайындай алады. Ал премьер-министр қыз­метіне бұл елде алғаш рет әйел қай­раткер – «Пхыа Тха» партиясының қа­зіргі жетекшісі Йин­глак Чинават сай­­лануы мүм­кін. Мүм­кін бол­ғанда, басқа­дай кездейсоқ жағдай кедергі жасамаса, солай болуға тиіс. Таиланд – Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы ірі мемлекет. Хал­қы­ның саны жағынан ол алғашқы ірі 20 ел­дің қатарына кіреді. Қаз­ба байлы­ғы­мен мақтана алмаса да, соңғы жыл­дар­да эконо­ми­касы айтарлықтай да­мып, әлем елдері арасында өз орнын ай­қын­дап үлгерді. Әсіресе, бұл ел халықаралық туризмнің бір орта­лығы ретінде танылды, содан қы­руар пайда да табады. Осынау елде тыныштық болғанына көп жұрт мүдделі. Мамадияр ЖАҚЫП.