• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2011

Үлгі болар істері көп аудан

273 рет
көрсетілді

Әйтеке би ауданының үстімен «Хромтау-Алтынсарин» темір жо­лы­ның өтуі, Ақтөбе-Қостанай автокөлік жолының салынуы өңірге біраз оң өзгерістер әкелді. Қазір осы жолдардың бойында 600 адам жұмыс істейді. Облыс­тың астықты өңірі болып табы­латын аудан шаруашылықтары биыл 160 мың гектар алқапқа тұ­қым сеуіп, жаңбырлы жаздан мол үміт күтуде. Соның ішінде майлы дақылдар өсіруге ден қойылып, 9400 гектарға күнбағыс, зығыр егілген. Аудандағы бес шаруа­шылық құрылымы асыл тұқым­ды мал өсіруде. Аудан аума­ғындағы «ҚазКупер» мыс өндіру, «Партикс Холдинг» темір өндіру өн­дірі­сінің, «Текшетас» қиыршақ тас зауытының іске қосылуы, Ұш­қатты каолин ұнтағын шыға­ратын кен орнын игеру өңірдің кемел келешегіне кепіл болатын ірі өндірістік жобалар. Ауданда 801 шағын кәсіпкерлік нысан­дары жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздыкты 0,2 пайыз­ға төмендеткен. Өткен жылы 5322 шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілсе, биылғы қарқын одан да жоғары. Ауданның бар­лық елді мекендеріне телефон байланысы барып тұр, ұялы телефон да алады. Өткен жылы ден­саулық саласына 3,52 млн. теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілген. Соңғы үш жылда ғана бес медпункт, бес мектеп пайда­лануға беріліпті. Алдағы екі жыл­да балаларды мектепке дейінгі мекемелермен толық қамтамасыз ету көзделуде. Жас дәрігерлерге 10 тұрғын үй бөлінген. Осы ке­зеңде 5 шақырым су құбыры жүр­­гізілген. Биыл Қарабұтақ се­ло­сындағы су құбыры пайда­лану­ға беріледі, Әйке топтық су жүйесі құрылысы жүргізілуде, Комсомол селосына жүргізілетін су құбыры құрылысының негізгі жұмыстары аяқталады. Сондық­тан да болса керек, облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың ауыл­дар­ға жұмыс сапарын Әйтеке би ауданынан бастауы. Өңір бас­шысы өзімен бірге он екі аудан­ның және облыс орталығының әкімдерін ерте келді. Келушілер алдымен аудан орталығынан 14 шақырым қа­шық­­тықта орналасқан осы ауыл­ға атбасын тіреді. Ауылда 1723 адам тұрады. Тұрғындар ара­сы­нан басқа жаққа кө­шіп кетушілер жоқ. Қай­та мұнда жыл сайын дү­ниеге келетін сәбилер саны ар­тып отыр­ған көрінеді. Өткен жы­лы облыс­тық бюджеттен бөлін­ген 370,5 млн. теңгеге 270 орын­дық мектеп құрылысы басталған екен. Оның желтоқсан айында оқу корпусы пайдалануға беріліп, оқушылар биылғы наурыз айынан бастап жаңа ғимаратта оқыпты. Қазір мектептің спорт залы, 270 орын­дық акт залы, щеберхана, асхана құры­лысы қар­қын­ды жүр­гізілу­де. Бұл нысан­дар жаңа оқу жы­лы­на то­лық іске қосылады деп кү­тілуде. Ауданда бес жылда сон­­шама мектеп пай­да­лануға беріліпті. Сон­дай-ақ, ауданда 17 ба­ла­бақ­ша, осын­ша­ма ша­ғын орта­лық жұмыс істейді. Тұрғындар ауыз су, жұмыс орны және ауыл­дық округ, 100 орын­дық балабақ­ша ашу мәселелерін көтер­ді. Өңір басшысы орынды өтініш­тер­дің жерде қалмайты­нын жеткізді. Об­лыс әкімі Комсомол орта мектебіндегі күрделі жөндеу кезінде шығарылған терезелерден жылы­жай салған оқу­шылардың баста­ма­сына риза бол­ды. Әзірге мұнда гүл өсірі­луде. Осы жерде бір­қатар мектеп басшыларымен кездескен Елеусін Сағындықов Ақ­көл мектебіне күделі жөндеу жүргізу мәселесін шешетінін айтты. «Комсомол» ЖШС мал азы­ғын дайындау бригадасы биыл шөп шабуды ерте бастапты. Серіктестік басшысы Виталий Волы­нецтің айтуынша, шаруа­шы­лықта 125 адам еңбек етеді. Серіктестік егін орағына дейін біржарым жылдық мал азығын дайындауды көздеуде. Қазір алты шөп шаба­тын агрегат жұмыс істеуде. Әр гектардан 8-9 центнер шөп түсе­ді. Шаруашылық үстіміздегі жы­лы 3 мың тонна пішен дайын­дауды жоспарлауда. Мал азығын дайындаушылардың орташа ең­бек­ақысы 52 мың теңге шама­сын­да көрінеді. Шабын­дықтағы қаздай тізілген «Беларусь» трак­торларына тіркелген «КТП-61» су жаңа агрегаттары іл­герілеген сайын қаумалар қа­тары көбейе түсуде. Өңір бас­шысы механи­за­торлардың сәл тыныс алған сәтін пайдаланып, жағдайларын сұра­ды, олар бір кісідей жақсы деп жауап берді. Шөпшілердің қыну­лы қимылына тәнті болған Елеусін Сағын­дықов механизатор Бердібек Айт­­құловқа өз атынан баға­лы сый­лық тап­сырды. Аудандағы ірі шаруашылық «Құмқұдық» ЖШС 14 мың гектардан астам алқапқа егіс салып­ты. Шаруашылық егіншіліктің ылғал сақтау технологиясын қол­данады. Сондықтан да мұнда гектар түсімділігі жоғары. Шаруа­шы­лықтың егіс алқабы басқа­лар­ға қарағанда арамшөптен таза­лы­ғымен ерекшеленіп-ақ тұр. Мұн­да агротехникалық шаралар то­лық сақталады. Сондықтан да серіктестік элиталық тұқым шаруа­шылығы болып есептеледі. Биыл тек гербицид сатып алуға ғана 30 миллион теңге жұмсалған. Көк­темгі егісті өнімділігі жоғары егіс кешендерімен қысқа мерзімде аяқтаған серіктестік ұжымы мал азығын дайындауға, егін орағына әзірлікке кірісіп кеткен. Егіншілікпен қоса мал шаруа­шылығымен айналысатын серіктестікте 143 әр түрлі техника бар. Өткен жылы 3,17 мың тонна мал азығы дайындалыпты. Биыл да осы межеден көрінуге ұмтылған құмқұдықтықтардың қарқыны жақ­­сы. Мысалы, механизатор Қанат Қаракүшіков күніне 60 гектар алқаптың шөбін шабатын көрі­неді. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дегендей ол мал азыған дайындау кезінде 200 мың теңгеге дейін еңбекақы табады екен. Ал, егін орағында алдыңғы қатарлы ком­байншы 1 миллион теңгеге дейін табыс табатын көрінеді. Дала қосындағы жасалған тұрмыстық жағдайды басқа еш жерден кездестірмедік десем артық айт­қандық болмас. Тап-таза жатын бөлмелер, тамағы дәмді асхана, монша бәрі механизаторлардың игілігіне қызмет етеді. Осы жерде өткізілген семинарда егіншілік пен мал шаруашылығының өзекті мәселелері сөз болды. Ауданда облыс жастарының бастамасымен дүниеге келіп, жалпықазақстандық қозғалысқа айналып отырған «Ауылдың гүл­денуі – Қазақстаның гүлденуі» марафон-эстафетасы жалғасын табуда. Марафон-эстафетаға қа­ты­­сушылар үшін ауданға 16300 мың теңге бөлініпті. Оған қазір 17 отрядқа топтасқан 2087 оқу­шы мен жұмысшы жастар қа­ты­суда. Биыл олар 12 спорттық ны­санға күрделі жөндеу жүргізеді, жалпы алаңы 3,6 гектар болатын 7 саябақты көріктендіреді, 54 шақырым өзен жағалауларын та­зар­тады, екпе ағаштардың қура­ған бұталарын кеседі, жаңадан мыңдаған ағаш көшеттерін отыр­ғызады, күтеді. Аудан бойынша әзірге 8 гектарға 26644 түп көшет механикаландырылған әдіспен, 8280 көшет қолмен отырғы­зыл­ған. Өңір басшысы жаңадан пай­далануға беріліп, 20 адамды жұ­м­ыспен қамтамасыз етіп отырған «Мөлдір» кемпингінің, сырты да, іші де жұтынып тұрған, халыққа көрсетілетін сапалы медици­на­лық қызметі арқылы алғысқа бөленіп келе жатқан аудандық аурухана ұжымымен кездесті. Аудан әкімдері ауладағы субұр­қақ­қа табан балық жіберіп отырған аурухананың бас дәрігері Жақ­сылық Қасымовтың іскерлігіне риза болды. Сапар соңына қарай аудан активімен өткізілген жиында облыс әкімі Елеусін Сағындықов өңір­дегі оң өзгерістерге жақсы баға берді, үлгі алатын істердің бар екенін тілге тиек етті. Осында келген аудан әкімдеріне өздері атқарып жатқан жұмыс­тарды көздері көргендерімен салыстыра қарап, жақсыдан үйреніп, ізденіспен еңбек етуге шақырды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.