• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2011

Тарифтің қай түрі тиімді?

376 рет
көрсетілді

Үнем қай кезде де қажет. Әсіресе, коммуналдық қызметті тұтынушылар үшін. Елбасының биылғы «Болашақтың іргесін бір­ге қалаймыз» атты Жол­дауын­да нақ осы мәселеге ба­рын­ша назар аударылды. Үнем­шілдікке тұ­тынушыларға комму­налдық қыз­мет көрсететін мекемелер дайын ба? Мұнайлы өңір­де тұрғын үй- комуналдық ша­руашылықты жаң­ғырту қалай іске асырылуда? Жал­пы үнемшіл­дікке жүгіну үшін жекелеген тұрғындар да, өзге  тұтыну­шы­лар да нендей әдіске жүгінгені жөн? Мәселеге осы тұрғыдан үңілгенде, алдымен тариф сая­сатының тұтынушыларға не­ғұр­лым тиімді тұстары ұсы­нылуы тиіс. Табиғи монопо­лия­ларды рет­теу агенттігінің төраға­сы Нұр­лан Алдабергеновтің ай­туын­ша, тарифтерді реттеу –үнем­шілдіктің ең тиімді жолы. Әр тұтынушы үшін комму­нал­дық қызметтерге төленетін шы­ғынды азайтудың бірден-бір қо­лайлы әдісі – сараланған тарифтерді қолдану. Н.Алдабергеновтің атыра­у­лық коммуналдық қызмет көрсе­тетін кәсіпорындар, өзге де ұйым­дар мен бірлестіктер өкіл­дерінің қа­ты­суымен өткен ке­ңесте айтқан деректеріне қара­ғанда, тұтыну­шылар былтыр ша­м­амен 248 млн.кВт/сағ. электр энергиясын үнемдей алған. Бұл тұтыну­шы­лар тұтынған электр энергия­сы­ның 2,3 пайызын немесе 62 мың тонна көмірді (1000 вагон) құрай­ды. Тұтынған электр энергия­сы­на төленген қар­жы тұрғысынан айтсақ, тұ­ты­ну­шылар 3 миллиард теңгеге жуық қаражат үнем­деген. Тұ­тынушы үшін тиімді ме бұл? Әрине, мұны ешкім жоққа шы­ғар­майды. Бұл Атырау облы­сы­ның мысалынан да байқалады. Мәселен, атыраулық тұтынушы­лар­дың электр энергиясына тәу­лік­тік аймақтар бойынша сар­а­лан­­ған тарифтерді қолданудан бол­ған үнемі былтыр 74,1 млн. тең­гені құраған. Ал биылғы 6 айда 25 миллион 342 мың теңге тұ­тыну­шылар қалтасында қалып отыр. Жалпы, мұнайлы өңір тұтыну­шылары электр энергия­сын тұтыну көлеміне қарай са­ра­ланған тарифтерді қолдану­дан өткен жылы 38,3 миллион теңге үнемдеген. Сараланған тарифті қолдану­дың қанатқақты  жобасы Құр­ман­­ғазы ауданындағы Ақкөл ауы­­лын­да қолға алынды. Биыл­ғы жыл басынан бері мұнда су­ды тұ­тынушы жеке тұлғалар екі топқа бөлінген. Бірінші топтағы жеке тұтынушылар, яғни, айына бір адамға 2,8 текше метрден аспай­тын су тұтынушылар 1 текше метр суға 38,5 теңге төлейді. Ал екінші топтағы, яғни айына бір адамға 2,8 текше метрден артық су тұтынушы жеке тұлғалар мен бюджеттен қар­жы­ландырылатын мекемелер үшін 1 текше метр су бағасы қосалқы құн салығынсыз 57,8 теңгеден белгіленген. Сумен қамтушы «Есенаманова» жеке кәсіпкер­лігінің жетекшісі Е.Есе­н­аманова­ның мәліметінше, сара­л­анған тариф енгізілгеннен соң суды тұтыну көлемі бір адамға есептегенде 3,68 текше метрден 3,2 текше метрге азайған. Мәсе­лен, 2010 жылдың 6 айында тұты­нушылар 102 207 текше метр су тұтынып келсе, биылғы жарты жылда тұтыну көлемі 93446,4 текше метрді құраған. Соған қарамастан сумен қамту­шы мекеменің есепшотына тұ­тынушылардан биылғы 6 айда 440,9 мың теңге кіріс түскен. Осы орайда «АтырауЖарық» мекемесі электр желілерін жаң­ғырту, жалпы саланың қайта жарақтандырылуына инвестиция ретінде 3783,3 млн. теңге қаржы салуды жоспарлапты. Бұл 2010-2011 жылдары игерілмек. Бұрын мекеме өңірге қа­жетті энергия­ның бір бөлігін көршілес Маң­ғыс­тау облы­сынан, сонымен бірге Ресейден де алып келген. Енді өңірге қажетті энергия «Атырау жылу орталығы» АҚ-та шыға­рылатын болды. Өйткені, мұнда жылу орталығының төртінші кезегі іске қосылып, бұрынғыға қоса 75 МВт энергия өндіру қолға алынды. Осы мақсатқа 16 795 миллион теңге инвестиция са­лынған. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.