• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2011

Кулагиннің көмегі керек

365 рет
көрсетілді

Иә, адамдар тағдырына қа­тыс­ты дабыл қағатын қиын жағ­дай қалыптасып отырғанын ашып айтқан орынды. Ел газеті «Егемен Қазақстан» да бұл шектен шыққан жауапсыздық­тан қалыс қала алмай, өзінің үс­тіміздегі жылғы 16 шілде күнгі санында «Қызбелдегі ел қызыл су ішіп отыр» деп жанайқай ма­қала жа­риял­ған болатын. Онда Жангелдин ауданының Қызбел ауылын қоныстанған тұрғын­дар­дың ала жаздай қызыл су ішуге мәжбүр болып, денсау­лық­тарын құрбан­дық­қа шалған­дай күйкі тірлік кешіп жатқан­дықтарына жоғары ор­гандар­дың, атап айтқанда, об­лыс­тық, аудандық әкімдіктердің назары аударылып, ауыз судан тарық­қан, жүдеген елдің мұң-зары жеткізілген еді. Соған орай, міне, қолымызға, ауыз су құрамын зерттеудің қо­ры­тындылары дәйектелген құ­жат­тар келіп түсті. Оның өзін тиісті органдар емес, 145 адам қол қойып, қиын жағдайларын жазып жолдаған ауыл тұрғын­дары қаты­наушыдан беріп жіберіпті. Жаз бойы жергілікті би­ліктің арқаны кеңге салып, жай­барақаттыққа са­лынғанынан зә­ре­зап болған­дық­тары, енді мына зерттеу қоры­тын­дыларымен жедел таныса берсін, ел мүддесін ескерусіз тас­та­майтын ел газеті «Егемен» ғой, Үкімет назарына мұңымызды жеткізер деп дәме­ленгендіктерін де ашып көрсетіп, екінші жағы­нан Қазақстан Рес­пуб­ликасы Пар­ламентінің Сена­ты­на да ар­найы талап-өтініш­те­рін қоса жіберген екен. Олардың өтінішінде сонымен қатар, ауыл­дағы телефон байланысының да дұрыс жолға қойылмағандығына үлкен алаңдаушылық білдіріледі. Бүкіл ауылдың мардымсыз, жеткіліксіз телефон нүктесіне телміріп қал­ғаны қынжылтады. Аудан орта­лы­ғынан 120 шақырымдағы елді мекенде кенеттен бас ауы­рып, балтыр сыздайтын жағдай­лар да жиі кездесіп жатады. Оның үс­ті­не ауыз судың таусыл­майтын «жы­ры» келіп қосылды дегендей... Мұндайда шұғыл бай­ла­ныссыз тағы болмайды ғой... Енді сол құжаттың жайына келейік. Оны Жангелдин аудан­дық мемсанэпидқадағалау бас­қар­масының бастығы Б. Жаулы­баев аудан әкімі Н.Төлепов пен Қызбел ауылдық округінің әкімі Е.Едіресовке жолдапты. «Сіздің сұ­рауыңыз бойынша (19.07. 2011 ж.), Сарыөзен ( жалпақ жұрт бұл өзенді Қоңыраулы деп атайды – Қ.Ә.) өзен суынан және құдық суын алып Қостанай об­лыстық сараптама орталығында және Жангелдин аудандық сараптама орталығында тексергенде № 1575 (27.07.2011 ж.) ауыз су зерттеу хаттамасы бойынша құдық суының құрамында жалпы кермектік – 13,9, тотығуы – 33,5, құр­ғақ қалдық – 1470 жоғары дең­гейде болды. СанЕмН № 554 (28.07.2010 ж.) сәйкес ауыз суға пайдалануға жарамайды. Ал Са­ры­өзен өзен суы №1576 26.07.2011 жылғы тексеру қоры­тын­дысы бойынша түсі, лай­лы­лығы, қоспа заттар, БПК–5, ХПК сәйкес келмейді. СанЕмН №554 (28.07.2010 ж.) талапқа сай келмейді, яғни пайда­лануға жарамайды. ҚР «Жеке және заңды тұлға­лардың өтініштерін қарау тәр­тібі туралы» Заңның 12-бабына сәй­кес өтініштің қарау нәти­жесі жо­ға­ры органда немесе сот­та ша­ғым­далуы мүмкін», делінген құжатта. Ауыз судың сапасына қа­тыс­­ты бұдан артық қандай анықтама қажет?! Жаз бойы әркім әрқалай жолмен ауыз суды Арқалықтан, тағы басқа жақтардан бөшкемен тасып ішіп отырған 870 адамның ендігі күйі не болмақ? Қыс та қыр астында тұр. Малы мен жаны қысы-жазы осы өзеннің суын қатар ішіп отыратын бұл елді мекенде жедел түрде нақты іс-шаралар қолданылмаса, жағ­дай асқынған үстіне асқына бермекші. Ауыз суды тасымалдап бе­руді ұйымдастыра ма, әлде іргедегі 30-40 шақырым жердегі тұщы су көзінен құбыр тарты­лып, нәпақаға кенелте ме, бұл күрделі мәселенің шешімі енді Үкіметтің өзіне тіреліп тұрғаны байқалады. Басқа амал жоқ секілді. Мемлекеттік «Ақбұлақ» ауыз су бағдарламасының тиімді бір тетігін шұғыл іске қо­судың төтенше реті осындайда қолға алынуы керек шығар деп, ел іші үміттеніп отыр. Облыс әкімі С.В.Кулагин де халық тағдырына алаңдап, тосын шешім қабылдайды деген сенім зор. Сонымен қатар билікке демеу, қолғанат болып, ортақ залалдың зардаптарын же­ңуге жаппай қолұшын беру­дің мәні айрықша. Мәселен, «Ұрпақ» қоғамдық қоры осындайда жан­ашыр­лық пен белсенділік та­нытқаны жөн. Елбасы зиялы қауымға еліңе барып, нақты көмегіңді жаса деп батагөй сөзін айтып жатқанда, туған жеріне атағын бұлдап, шіреніп, сықырлап келетін кей­біреу­лер енді иіліп, қызмет ететін сы­нақ сәті туды! Экономиканы көте­рейік, тал егейік деп құр­ғақ ұрандат­қан­ша, осынау ел басына төнген қиындықты бұға­лықтауға ісімен атсалыс­қандары қандай ғанибет болмақ. Жалпақ жұрт осындай шалт қимылды күтіп отыр. Өзен суының ластануының себеп-салдарын түбегейлі анық­тап, содан тиісті қоры­тынды шығару – кезек күттірмейтін міндет! Қайсар ӘЛІМ, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы.