• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Шахан трагедиясы: себеп пен салдар

254 рет
көрсетілді

Жаңа жылдың алғашқы күні орны толмас қасірет әкелді. Қарағанды облысының Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінде бес қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі опырыла құлап, бірнеше адам қапыда қаза тапты. Төтенше оқиға туралы хабар Шахтинск қалалық төтенше жағдайлар бөліміне 1 қаң­­тар күні 22 сағат 45 минутта келіп түскен. Кейінірек белгілі болғандай, апат салдарынан тоғыз адам мерт болған. Апат болған жерде құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті билік органдарының өкілдері, медициналық жедел жәрдем дәрігерлері, Ұлттық ұланның сарбаздары, барлығы 286 адам және 55 арнайы техника жұмыс істеді. Апаттық-құтқару жұмыстары барысында үйінді астынан төмендегі  марқұмдардың мүрделері табылды: В.М.Андропов, 1981 ж.т., О.В.Андропова, 1988 ж.т., Е.В.Андропова, 2016 ж.т., В.И.Галышев, 1960 ж.т., А.А.Га­лышев, 2010 ж.т., Т.К.Кан, 1953 ж.т.,  В.С.Ми­­хайлов, 1956 ж.т., Е.Ю.Алексеенко, 1989 ж.т., В.В.Алексеенко, 2016 ж.т.  Қарап отыр­са­ңыз, кейбіреулері бір отбасының адамдары. Сондай-ақ, құтқарушылар қиранды астынан 1984 жылы туған азамат А.В. Галышевты аман алып шықты. Ол түрлі жарақаттармен Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ауру­ханаға жеткізілді. Апат үйдің жертөлесіндегі дербес жылу қазандығының жарылуы салдарынан болған. Қазіргі уақытта апаттың нақты себеп-салдарын анықтау жұмыстарымен ведомствоаралық комиссия айналысып жатыр. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің бас­шы­лы­ғымен арнайы құрылған жедел штаб тө­тенше оқиғаның зардаптарын жою жұ­мыстарын үйлестіріп, үлкен шаруаларды атқарып жат­қанын да айта кеткен ләзім. Жер­гілікті билік орындары апат болған үйдің баспанасыз қал­ған тұрғындарына кенттегі  балабақшадан жылы орын да­йындап, ыстық тамақ беру шараларын ұйымдастырды. Сонымен қатар, бұл жерде қайтыс болған тұрғындардың туыстарына психологиялық көмек көрсету қыз­меті де қарастырылған. Жалпы, апаттық-құтқару жұмыс­тары кезінде 6 адам құт­қа­рылып, 10 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тө­тенше оқиға орын алған жерде жедел штабтың жұ­мысы ұйымдастырылып, апат­тың себеп-салдарын тек­­серу жөніндегі облыстық ко­­миссия құрылған. Шах­тинск қаласы әкімінің ше­ші­мімен жергілікті аумақта тө­тенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік орында­ры қаза тапқан тұр­ғын­дардың туыс­тарына мар­құмдарды жер­леу бойынша көмек көр­се­ту шараларын өз мойнына ал­д­ы. «Бұрын бүкіл кентті бір ғана қа­зан­дық жылытатын, – дейді Қарағанды облысы әкі­мінің орынбасары Андрей Ляпунов. – Кейін соның бәрі қожырап, қазандық жабылып, тұрғындар үйлерін өз білгендерінше жылытып кел­­ген. Кейінгі уақытта, бір үй­­дің жертөлесіндегі жылыту жүйесі 19 үйді жылы­тып кел­ген. Ал басқа үйлердің тұр­ғындары тіптен пәтер іші­­нен пеш салып алған. Осы мәселені шешу үшін Қа­рағанды облысының әкім­­­­дігі Шахан кентінде ор­та­­­­­­лықтандырылған жылу жүйе­­­­сін құру үшін жобалық-сме­­­­талық құ­жаттамалар жа­сау­­ға 2013 жылы қа­ражат бө­л­ген болатын». А.Ляпуновтың айтуын­ша, Экономика мини­стр­лі­­гіне 2015, 2016 жылдары тиісті тапсырыстар берілген. Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сме­талық құ­жат­таманың құны 2014 жы­лы 2,8 млрд теңге ша­масын­да болса, 100 үйді жыл­ыту үшін Ұлттық эко­номи­ка министрлігіне бе­ріл­­ген тапсы­рыс құны да сол мөл­­шер­де болған. «Дайын жобаны биыл рес­­публикалық деңгейде тағы да қозғаймыз. Қаражат бол­маса, тағы бір жылға кейін­­ге ысырғаннан басқа ама­лымыз жоқ.  Шахан кенті­нің бір ыңғайсыз жері – мұндағы үйлер мен басқа да нысандар шашыраңқы орналасқан. Сондықтан ор­тақ қазандық, жалпыға бір­дей жылу жүйесін орнату қиын. Керекті қар­­жы бөлінген күннің өзін­де оның құрылысына бір­ша­ма уақыт керек», – дейді А.Ляпунов. Облыс орталығынан 35 ша­қы­рым қашықтықта ор­на­ласқан Шахан кентінде 8 мыңнан астам халық тұрады. Сонша халықтың неше жылдан бері жылу зардабын тар­тып келе жатқанына кім кі­нәлі?! Соны жоғары басшы­лар білуі үшін міндетті түрде үй құлап, кісі өлуі керек пе еді!?.. Қазіргі таңда жылу қаз­ан­­­­­дығы жарыл­ған үйде Қазақстан қайта құру және даму көп салалы институты (ҚазҚДКИ) зерттеу жүргізіп жа­тыр. Мекеме басшысы Жұмағұл Нугужиновтің ай­туын­­­ша, бұл жұмыстар бі­рер күн­­нің ішінде аяқ­талуы тиіс. Жарылыс болған үйді әрі қа­рай пайдалану мүмкіндігі ту­ралы шешім қабылдау жә­не оның қираған бө­лігін бұзу Қаз­ҚД­КИ са­рап­шы­ларының қо­ры­тын­дыс­ы­нан кейін белгілі бо­л­­ады. Ал техногендік си­пат­тағы төт­енше оқи­ға  салда­ры­нан кел­ген зар­дап­тың мөл­шерін анық­­тау үшін арнайы комиссия құ­ры­лған. Бұдан бұрын хабар­ла­­ға­ны­мыз­дай, қаза бол­ған­дар­ды жерлеу рәсіміне кететін шығын­дар­ды Қара­ғанды облыстық әкім­ді­гі өз мойнына алды. Сондай-ақ, жергілікті билік әрбір қаза болған жан үшін олардың туыстарына 1 млн теңге, ал зардап шек­кен­дердің әрқайсысына 500 мың теңге кө­л­емінде материалдық көмек көр­сетеді. Сонымен қатар, басына іс түс­кен тұрғындарға көмек ұйым­дас­тыру үшін Шахан кентінде гу­ма­нитарлық кө­мек қабылдайтын ар­найы бекет ашылды. Мұнда Қызыл Жар­ты Ай қоғамынан азық-түлік жеткізілді, сон­дай-ақ кәсіпкерлер мен тұр­ғын­дар­дан заттай көмек түр­ле­­рі түсе бастады. Жақын ара­­да зардап шеккендерге қар­­жылай көмек көрсету мақ­­сатында қоғамдық қор құ­­рылып, арнайы есепшот ашы­л­­мақшы. Бұдан бөлек, өңір басшысы облыстағы дер­­бес жылу жүйесі жә­не же­ке қазандықтары бар бас­қа да көп қабатты үй­лер­­дің бар­лығына тексеру жүр­гізу ту­ралы тапсырма берді. Шахан кенті­ндегі үйдің құлау­ы­на орай қылмыстық іс те қоз­­ғал­ды. Об­лыстық Ішкі іс­­тер де­пар­та­менті­нің бас­­пасөз қыз­меті хабар­ла­­­­ғандай, тө­тен­ше жағ­дай­­­ға қатысты іс ҚР ҚК 292-бабының 3-тармақшасы («Абай­сыз­да екі немесе одан да көп адам­­ның өліміне әкеліп соқ­­қан іс-әрекет») бойынша қозғалған. Бүгінге де­йін белгілі болғандай, құ­ла­ғ­ан үйде апат орын ал­а­р­­­да электр жарығы бол­ма­ған. Яғни, қысымды рет­­теу­ші сорғы жұмыс істе­ме­­гендіктен, артық қы­сым қа­­зандықтың күлін көк­ке ұшы­р­­ған. Дегенмен, мұ­ның өзі әзірге болжам ғана. Ен­ді бәрін арнайы құрылған ко­­миссия мен қылмыстық іс ­қозғаған жауапты орган анық­­­тамақ. Кеше Шахан кенті мен оған іргелес жатқан Сареп­та ауылында апаттан ажал құшқан жандарды жер­­­леу рәсімі өтті. Азалы жиын­­да облыс басшысы сөз сөйлеп, марқұмдардың ту­ған-туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол төтенше оқи­­ғадан зардап шеккен от­ба­сылардың көмек пен қам­қор­лықтан кенде болмайтынын атап өтті. Ресми дерек бойынша, жа­рылған 60 пәтерлі үйде осы күнге дейін 118 адам тұрып келген. Опырылған подъезде 30 адамдай тұрған.  Олар­дың үштен бірі өмірінің соңғы сәтінде не болғанын түсінбей де кетті-ау! Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ