• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Тапсырмалар белсенді орындала бастады

203 рет
көрсетілді

Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырыс өткізді.  Оның жұмысына Жоғарғы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет, Қаржы, Энергетика министрліктері мен Ұлттық банктің өкілдері қатысты. Жалпы отырыстың жұ­мы­сын аша келе, Қайрат Мәми отырысқа қатысу­шылар­дың назарын республика судья­ларының VII съезінде Мем­лекет басшысы айқындаған құқық­тық айқындылық дең­гейін арттыру, тұрақты әрі болжамды сот практикасын қалыптастыру міндеттерін іске асыру қажеттігіне аударды. Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары дәл осы міндетті шешуге бағытталып отыр. Оны әзірлеу барысында, ең алдымен, қолданыстағы сот практикасы талданады және соттардың құқық нормаларын біркелкі қолдану бойынша тәсілдері пысықталады. Бұл Жоғарғы сотқа жергілікті соттардың сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы отырыстың күн тәр­тібіне Жоғарғы соттың бес нор­­­ма­тив­тік қаулысы шыға­рылды. «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бо­йынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулы қазақ­стандықтар үшін көп­тен күт­кен өзекті құжат болып табылады. Жоғарғы сот судьясы Дүйсен Тұмабеков қаулы жобасы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде әзір­ленгенін атап өтті. Жобада Жоғарғы соттың қадаға­лау саты­­­сының анықтамалары мен сот құжаттары, осы санат­тағы азаматтық істер, еліміз­дегі ипотекалық несиелен­діру­­дің қалыптасу және даму мәсе­лелері, осы құқықтық қа­ты­­нас­ты реттейтін заңнама­лық база талданған. Талқылануға ұсынылған нормативтік қаулының жобасы құқық қолданудағы мынадай қиындықтарды реттеуге бағытталған: қарызды өндіріп алу туралы талап (негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және сол сияқтылар) банктің қарыз шартының талаптары мен заңға қаншалықты сәйкес келетінін, шартқа қол қоймай тұрып және қарыз бермес бұрын Банк қарыз алу­шының несиені төлеу қабі­летін жан-жақты, толық әрі сапа­лы түрде бағалағандығын анық­тау. Әңгіме қарыз алушы­ның тұ­рақ­ты немесе жеткілікті кірі­сі мен қарызды өтеуі үшін өз­ге де табыс көздері, салық және бюд­жетке төленетін өзге де мін­детті төлемдер бойынша қа­ры­зы, үшінші тұлғаның ал­дын­­дағы қарызы бар немесе жоқ­ты­ғын анықтау туралы болып отыр. «Соттардың азаматтық іс­тер бойынша Қазақстан Рес­пуб­ликасының экологиялық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының жобасын таныстыра келе, Жоғарғы сот судьясы Бейбіт Шер­мұха­метов республикадағы таби­ғи ресурстар жалпы не арнайы табиғат пайдалануында болуы мүмкін екендігін атап өтті. Нормативтік қаулының жобасында қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың өмірі мен ден­саулығына, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүлкіне эколо­гия­лық құқық бұзушылар тарапынан келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне мән берілген. Жоба­да келтірілген зиянды эко­н­о­микалық бағалаудың тіке­­лей және жанама әдістерін қол­дану мәселелері, сот төре­лігіне қол жеткізу туралы Орхус кон­венциясының қағидаттары талқыланған. Қалдықтарды өндіру мен тұтыну бойынша меншік иелерінің жауап­кер­­шіліктері туралы түсінік­темелер берілген. Жоғарғы сот судьясы Ұл­босын Сүлейменова «Аза­мат­т­ық істерді соттың қарауы­на әзірлеу туралы» 2001 жыл­ғы 13 желтоқсандағы нор­мативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеттілігін түсіндірді. Нор­мативтік қаулының жобасы процестік заңнама нормаларын жетілдіруге бағытталған және дер кезінде әзірленген. Себебі, жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс­тің қабылдануына байланыс­ты «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» қол­да­ныстағы нормативтік қаулы­ға өзгерістерді дереу енгізу қажеттігі туындап отыр. «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №11 Жоғарғы соттың нор­матив­тік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін Жоғарғы сот судьясы Лаура Ағыбаева жаңа қылмыстық-процестік кодекстің жаңашыл­дықтарымен, тергеу судьялары институтының енгізілуімен, үш сатылы сот жүйесіне көшу­мен байланысты деп түсін­дірді. Нормативтік қаулы­ның жобасында соттың тәр­бие­лік және алдын алу, азамат­тар­дың құқықтары мен бос­тан­дықтарын қолдаудағы құқық бұзушылықтардың жасалуына әсер ететін себептер мен жағдайларды соттардың анықтауы мен жою қызметіндегі жеке қаулылардың маңызды рөлі атап көрсетілген. Жеке қаулы шығаруға заң шығарушы тарапынан көзделген негіздерді шартты түрде былайша бөлуге болады: қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар, іс жүргізу кезінде жіберілген заң бұзушылықтар, жекелеген азаматтардың дұрыс емес жүріс-тұрысы, қылмыстың жолын кесуге немесе ашуға көмектескен азаматтарды ынталандыру. «Жеке қаулыларда тиісті лауазымды тұлғалардың назары іс бойынша анықталған нақты заң бұзушылықтарға аударылумен қатар, мұндай заң бұзушылықтар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиіс­ті шаралар қабылдау туралы талап қойылады», – деді Л.Ағыбаева. Осылайша, сот заң бұзушылықтың алдын алады. Сот практикасын дұрыс, заңнаманы біркелкі қол­дануға және алдын алу жұмыс­тарын күшейтуге, сотқа дейінгі сатыдағы кем­ші­лік­терге жол бермеуге бағыт­тай­ды, прокурордың назарын кемшіліктерді уақтылы анықтауға және тергеу мен анықтаудың заңдылығына қадағалау жүргізу барысында оларды жоюға аудартады. Әкімшілік құқық бұзушы­лық заңнамасын қолдану мәсе­лелері бойынша Қазақстан Рес­пуб­ликасы Жоғарғы соты­ның кейбір нормативтік қау­лы­ларына өзгерістер мен то­лық­­тырулар енгізу қажет­тігін Жоғарғы сот судьясы Тал­ғат Баратбеков оларды қол­­даныстағы заңнамаға сәй­кес­тендіру қажеттігімен түсін­дірді. Жалпы отырыс­қа қатысу­шылар норматив­тік қаулы­лар­дың жобаларын талқыла­ды, оларға ұсыныстар мен ескертпелер енгізді. Аталған қаулы­лар редакциялық түзетулер енгізгеннен кейін жалпы отырыста бекітілетін болады. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»