• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Ядролық қатер – халықаралық қоғамдастық үшін ортақ проблема

411 рет
көрсетілді

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөздеріне және Сессия аясында бірқатар мемлекеттер басшыларымен болған екіжақты кездесулері туралы пікірлер білдіруде. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев БҰҰ Бас Ассам­блея­сындағы жалпысаяси пікірсайыста өз елінің Қауіп­сіздік Кеңесіне мүшелікке канди­датурасын ұсынуы ықтимал екендігі ту­ралы мәлімдеді. Бұл – Ұйымға кіргеннен бергі уақытта БҰҰ-дағы өз позициясын өз­геріссіз нығайтуға жа­салған нақты қадам. Ал Қазақстан өзге де посткеңістіктегі елдермен қатар осыдан тура 20 жыл бұрын – КСРО тарағаннан кейін тәуел­сіздіктерін ал­ған елдермен бірге БҰҰ-ның мүшесі болды. Нұрсұлтан Назарбаев Бас Ассамблеяда сөз сөйлеген соң, біздің радиоға сұхбат берді. Президент сұхба­тында өз елінің аумағында МАГАТЭ аясында қызмет ететін халық­аралық ядро­лық отын банкін орналастыруға дайын екенін атап өтті. Қазақстан Пре­зиденті Нұр­сұл­тан Назарбаев жалпыға ор­тақ ядросыз әлем дек­ларациясын құ­руды бастауға ша­қырды. Осыған бай­ланысты Мемлекет басшысы бұл үде­ріске «ядро­лы» ел­дер­дің барлығы қо­сы­лу қажет­ті­гін, бұған АҚШ пен Ресей арасындағы арсе­нал­дарды ке­зең-кезеңі­мен қысқарту туралы келісімнің нақты мысал бола­тындығын атап өтті. Н.Назарбаевтың пікірінше, жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясы бар­лық мемлекеттердің жауапкершілігін күшейтеді және қаруды біртіндеп жою жолдарын ілгері жылжытады. «Бүгінде әлемде қарама-қарсы жағдай қалып­тасқан: біріне ядролық қаруды ұстауға және оны жетілдіруге рұқсат етіледі, басқаларына керек болса,  дайындауға мүлде тыйым салынады. Бұл әділеттілік емес, пропорционалды емес. Халықарал­ық құқықта мұндай ережелер қайта қа­ралуы қажет», – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сес­сия­сындағы сөйлеген сөзінде. Президент сондай-ақ әлемдік қоғам­дастықты ақпараттық үдерістерді бақылауға назар аудару қажет деп есептейді. Қазіргі кезде осынау маңызды саланы реттейтін бір де бір халықаралық құжат жоқ. Бұл елдердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Н.Назар­баев­тың пікірінше, ядролық қаруы бар мемлекеттерге әлемдік қоғамдастық ұжымдасқан түрде қатерлі қаруларды жою жөнінде үндеу қабылдаулары тиіс. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таяу шы­ғыс­та бейбітшілік орнату үшін Палестина мемлекеттік тану қажет, деп хабарлады бейсенбіде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. «Бұл күндері Палестинаның қиын проб­лемалары белсенді талқылануда. Қазақстан Палестина мемлекетін құруды қолдайды. Тарих таразысында – қиын мәселе. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама айтты. Палестинаның тәуел­сіздігінсіз Таяу Шығыста орнықты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес», – деп мәлімдеді Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ас­сам­блеясының 66-сес­сиясында сөйлеген сөзі барысында. Қазақстан Рес­публикасы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Иорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде ядролық қауіпсіздік жөнін­де­гі жоғары деңгейдегі отырыста қауіпсіз бейбіт атом игеру туралы ұсыныспен шықты. «Әлемдегі соңғы жағдайлар ядролық энергетиканы пайдаланудың сапалы жа­ңа кезеңіне  нақты түрде шыққан­ды­ғын көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан қауіпсіз бейбіт атомды игеру үшін үш әмбебап қағидатты ұсынады», – деді Н.Назарбаев. Оның біріншісі – энерге­ти­ка­лық атомды дамыту саласындағы жалпы­планетарлық механизмдерді басқару үде­рістерін жетілдіру. Екіншісі – төтенше атомдық жағдайлар кезінде жалпыға танылған қағидаттар мен дағдарыстарды жоюдың механизмдері қажет. Үшіншісі – ядролық нысандарда көрініс беретін кез келген қиындықтарды дер шағында әлемдік қоғамдастыққа хабардар ету. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ға мүше елдерді 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­лі­гі­не Қазақстан кандидатурасын қол­дауға шақырды. «Қазақстан 2017-2018 жылдарға ар­нал­ған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігіне Қазақстан өз кан­ди­датурасын ұсынды», – деп айтты Н.Назарбаев сәрсенбі күнгі БҰҰ Бас Ас­сам­блеясының 66-сессиясындағы жалпы­саяси пікірсайыста сөйлеген сөзінде. «Біз әлемдік қоғамдастық қолдау білдіреді деп үміттенеміз», – деді Президент. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттерді жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базаларын тездетіп құруға  шақырды. «Ақпараттық кеңістік – бұл жер бай­лығы, әуе және су әлемі, ғарыш секілді адамзаттың болашағы үшін маңызды сала болып табылады. Бүгінде ақпараттық үде­рістерді реттейтін бірде бір халықаралық конвенция, бірде-бір көптарапты шарт жоқ», – деп көрсетілген Н.Назарбаевтың сөй­леген сөзінде. Бұдан басқа, Прези­денттің пікірінше, жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базасы құру ерекше маңызды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәр­сенбіде БҰҰ Бас Ас­самблеясының 66-сес­сия­­сында сөйле­ген сө­зінде жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын әзір­леуді бастау туралы ұсыныспен шықты. Президент Қазақстан 2012 жылы Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке үлкен үміт артатынын атап өтті. Президент сондай-ақ  бүгінде әлемде қару-жарақ жасауға кететін шығынның жалпы жиынтығы «қырғи-қабақ соғыс» жыл­да­рындағыдан екі есеге тез өскенін, ол жыл сайын 6 пайызға артып, қазірдің өзінде 1,5 триллион долларға жеткенін атады. БҰҰ Бас Ас­сам­блеясының 66-сес­сия­сында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын және оның құқықтық құжаттарын әзірлеу қажет екендігін мәлімдеді. «Бүгінде ақпараттық үдерістерді реттейтін бірде-бір халықаралық және бірде-бір көптарапты шарт жоқ. Сон­дық­тан да банктерге, мемлекеттік мекемелерге, тіпті ядро­лық нысандарға «ша­буыл» жасаған хакер­лердің көпшілігі жа­заланбайды», – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөзінде. Сондай-ақ Президент Палестина мемлекетінің тәуелсіздігінсіз Таяу шығыста тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.